Алла ризалығы мен нәпсі ризалығы (ғибрат)
Алла ризалығы мен нәпсі ризалығы (ғибрат)
25 күн бұрын 2412

Алланың арыстаны Әзіреті Әли (Алла одан разы болсын) бір соғыс алаңында жау әскерінен болған бір баһадурді жерге құлатып, өлтірмекші болады. Сол сәтте жау батыры Әзіреті Әлидің бетіне түкіріп жібереді. Сонда Әзіреті Әли өлтірейін деп тұрған жерінен, өлтірмей: «Тұр да, кет. Сені өлтірмейтін болдым» деп үстінен аттап кетіп қалады.

Жау батыры бұған таң қалып:

- Мені жерге құлатып өлтірейін деп тұрып, өлтірмедің. Сені райынан қайтарған не нәрсе? – деп сұрайды Әзіреті Әлиден.

Сонда Әзіреті Әли:

- Мен Алла жолында және Алланың ризалығы үшін соғысудамын, әрі сені де Алла ризалығы үшін өлтірмекші едім. Бірақ сен бетіме түкіріп жіберген кезіңде, саған ашуландып, қаным басыма шықты. Егер сол сәтте сені өлтіргенімде ашулануымның нәтижесінде өлтірген болар ем. Яғни, сені Алла үшін емес, өзімнің нәпсім (ЭГО) үшін өлтірген болар ем. Сондықтан сені өлтірмей қоя бердім. Оның себебі сол, - деп жауап беріпті.

Әзіреті Әлидің бұл әрекетінен жау батыры әсерленіп, тілін кәлимаға келтіріпті де мұсылман әскерлерінің жағына өтіпті.

 islam.kz

0 пікір