«Дарвинизм» теориясының жалғандығы
«Дарвинизм» теориясының жалғандығы
29 күн бұрын 553

Дар­ви­н­ші­лер­дің бі­рін­ші ұ­станым­да­рын­да ай­тыл­ған­дай, жан-жа­ну­ар­лар мен өсім­дік­тер­дің шы­ғу те­гі бір бо­луы мүм­кін бе?

Дар­ви­низм пі­кі­рі­н қолдайтындар бұл сұ­рақ­қа «иә» дей­ді. Дә­лел­де­рі – тек бол­жам ға­на.

Олар­дың пі­кір­ле­рі бой­ын­ша қа­зір­гі жан иеле­рі­нің бәрі жал­ғыз клет­ка­ның да­муы ар­қы­лы са­ты­лай-са­ты­лай пай­да бол­ған. Ал ен­ді бар­лық жан иеле­рі­нің бастауы бол­ған кіш­кен­тай клет­ка қа­лай пай­да бол­ды? Олар­дың ай­туын­ша клет­ка да са­ты­лай да­му жо­лы ар­қы­лы пай­да бол­ған.

Жан­сыз ма­те­рия мен жан­ды нәр­се­нің ара­сын­да таң­ға­лар­лық үл­кен ай­ыр­ма­шы­лық бар екен­ді­гі бә­рі­міз­ге бел­гі­лі. Ал ен­ді жан­сыз бір зат қа­лай ға­на өз-өзі­нен, сырт­тан, бас­қа бір күш­тің әсе­рін­сіз жан­ды клет­ка­ға ай­на­луы мүм­кін? Бұл сұ­ра­ғы­мыз­ға та­ғы да «кез­дей­соқ­тың әсе­рі­нен» де­ген жауап ала­мыз. Алай­да сол бір қарапайым клет­ка­ның өзі кез­дей­соқ өз-өзі­нен пай­да бол­а алмай­ды. Себібі ол аса ке­ре­мет, та­ма­ша жүйеге ие. Ал са­надан мақұрым, білімнен ада, жан­сыз, көр ма­те­риядан кез­дей­соқ саналы адам­ның пай­да бо­луы тімтім мүм­кін емес.

Про­фес­сор, док­тор Klous Dose (Гер­ма­нияда­ғы Johannes Gutenberg уни­вер­си­те­ті­нің биохи­мия инс­ти­ту­ты­ның рек­то­ры): «Соң­ғы 30 жыл бой­ғы өте те­рең зерт­теу­лер­ге қа­ра­ма­стан ал­ғаш жан­ды клет­ка­ның пай­да бо­луы ту­ра­лы еш­қан­дай ғы­лы­ми дә­лел та­был­ма­ды»,–деп, ал­ғаш­қы жан­ды клет­ка­ның өз-өзі­нен пай­да бо­луының еш­қан­дай ғы­лы­ми не­гіз­ге сүйен­бей­ті­нін айт­са, Keith Graham: «Ал­ғаш­қы өмір­дің (жан­ды клет­ка­ның) бастауы деп есеп­тел­ген эле­ме­нт­тер қа­зір де бар. Бі­рақ қа­зір нелік­тен олар­дан жан­ды нәр­се пай­да бол­май­ды?» ­- деп, жан­сыз эле­ме­нт­тер­ден өз-өзі­нен жан­ды нәр­се пай­да болмай­ты­нын дә­лел­дейді.

Ба­тыс­тың бел­гі­лі ға­лы­мы Max Planck ма­те­рияның қалай пай­да бол­ған­ды­ғы жай­лы бы­лай дей­ді:

«Ма­те­рия бел­гі­лі бір күш-құ­ді­рет ар­қы­лы тір­ші­лік бе­ті­не шы­ғып, пай­да бо­ла­ды. Ма­те­рияның ішін­де кіш­кен­тай-кіш­кен­тай күн жүйесі тә­різ­дес жүйе­лер бар. Атом жә­не элект­рон деп ата­ла­тын бұл жүйе­лер ма­те­рияны ыды­рап ке­ту­ден қор­ғай­ды. Ға­рыш­та мұн­дай ке­ре­мет күш-қуат бол­ма­ға­ны­на қа­ра­ған­да күл­лі жа­ра­ты­лыс­ты бел­гі­лі бір жүйеде ұс­тап тұр­ған ке­ре­мет ілім, шек­сіз құді­рет иесі бо­лу­ға тиіс. Мі­не, ма­те­рияның бастауы – осы құ­ді­рет. Бұл құ­ді­рет­тің Ұлы Жаратушы еке­ні кү­мән­сіз».

Ескі қаңқалар дарвинизмнің қателігін әшкерелейді

Эво­лю­ция теориясы бой­ын­ша, бар­лық жан иеле­рі бір-бі­рі­нен та­ра­ған. Ер­те­рек пай­да бол­ған бел­гі­лі бір жан иесі уа­қыт өте ке­ле екін­ші бір жан иесі­нің тү­рі­не ай­нал­ған. Мі­не, осы­лай­ша бар­лық жан иеле­рі­нің түр­ле­рі пай­да бол­ған. Бұл теория бой­ын­ша, жан иеле­рі түр­ле­рі­нің бір-бі­рі­не ай­на­лу­ла­ры мил­лион­да­ған, тіпті миллиярдтаған жыл­дар­да са­ты­лай-са­ты­лай жү­зе­ге ас­қан-мыс. Олай бол­са, осы жан иеле­рі­нің бір-бі­рі­не ай­нал­ған жүз мил­лион­да­ған жыл­дар ішін­де екі түр­дің бір-бі­рі­не ай­на­лу ке­зін­де сан­сыз «ара­лық түр­лер­дің» пай­да бо­луы жә­не өмір сү­ру­ле­рі тиіс­ті. Мы­са­лы, су­да­ғы ба­лық­тың бір­ден бауыры­мен жор­ға­лай­тын жан иесі­не ай­на­луы мүм­кін бол­ма­ған­дық­тан, екеуі­нің ара­сын жал­ғай­тын жар­ты­лай ба­лық, жар­ты­лай бауыры­мен жор­ға­лай­тын «ара­лық түр» жан иеле­рі­нің не­ме­се бауыры­мен жор­ға­лай­тын жан иеле­рі­нің құс­қа ай­на­лу ке­зін­де жар­ты­лай бауыры­мен жор­ға­лай­тын, жар­ты­лай ұша­тын құс­тар­дың ерек­ше­лік­те­рі бар «ара­лық тү­рі» пай­да бо­лып, өмір сү­ру­ле­рі ке­рек еді. Бұл ара­лық түр­лер өт­пе­лі ке­зең үшін бол­ған­дық­тан ауру, кем­ші­лік­ке то­лы бо­лу­ға тиіс. Егер шы­ны­мен-ақ атал­мыш ара­лық түр­лер өмір сүр­ген бол­са, олар­дың өмір сүр­ге­нін дә­лел­дей­тін мил­лион­да­ған, тіп­ті қа­зір өмір сүр­ген жан-жа­ну­ар, құс­тар­дың са­ны­нан да көп қаң­қа сүйек­те­рі та­бы­лу­ға тиіс еді ғой. Бі­рақ та­был­ма­ды. Чар­льз Дар­вин­нің өзі де «Түр­лер­дің тү­бі­рі» ат­ты кі­та­бын­да бы­лай дей­ді: 

«Егер теориям дұ­рыс бол­са, түр­лер­ді бір-бі­рі­не бай­лай­тын сан­сыз ара­лық түр­лер­дің өмір сү­ру­ле­рі тиіс. Бұл ара­лық түр­лер­дің өмір сүр­ген­дік­те­рін дә­лел­дей­тін жал­ғыз дә­лел – атал­мыш ара­лық түр­лер­дің фо­сил­де­рі (тас­қа ай­нал­ған қаң­қа­ла­ры) болар еді.»Бі­рақ Дар­вин өзі­нің теория­сын дә­лел­дей­тін ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­ла­рын те­рең зерт­теу­лер­дің нә­ти­же­сін­де де та­ба ал­ма­ға­нын бы­лай деп мой­ын­дай­ды: «Егер шы­ны­мен-ақ бар­лық жан иеле­рі­нің түр­ле­рі бір-бі­рі­нен са­ты­лай-са­ты­лай да­ми оты­рып пай­да бол­са, не­ге сан­сыз ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­ла­ры­на ке­зік­пей­міз? Не­лік­тен жал­пы жа­ра­ты­лыс кем­ші­ліксіз тамаша жүйе­ге ие?!»[1]

Дар­вин: «Қа­зір бұл ара­лық түр­лер­дың қаң­қа­ла­ры табыл­ма­ға­ны­мен ке­ле­шек­те мін­дет­ті түр­де та­бы­лу­ға тиіс» де­ген үмі­ті ар­қы­лы өзін-өзі жұ­бат­ты әрі оңбай қате­лес­ті. Үміт­сіз шай­тан де­ген эво­лю­ционер­лер Дар­вин­нің бұл үмі­ті­не се­нім ар­тып, 19 ға­сыр­дың ор­та­сы­нан бас­тап осы күн­ге дейін дү­ниенің әр-әр же­рін­де өте қы­зу түр­де ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­ла­рын із­деу жұ­мы­сын жүр­гіз­ді. Бі­рақ осын­ша­ма қы­зу зерт­теу­лер­дің нә­ти­же­сін­де үміт­те­рі бос­қа шы­ғып, еш­бір ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­сын та­ба ал­май дің­ке­сі құ­ры­ды. Ке­рі­сін­ше, жүр­гі­зіл­ген зерт­теу­лер­ден та­был­ған қал­дық­тар, эво­лю­ционер­лер­дің күт­ке­нін­дей емес, бар­лық жан иеле­рі­нің тір­ші­лік бе­ті­не са­ты­лай-са­ты­лай емес, бір­ден кем­ші­лік, қа­те­сіз түр­де пай­да бол­ған­ды­ғын тай­ға таң­ба бас­қан­дай дә­лел­де­ді. Осы­лай­ша эво­лю­ционер­лер өз теорияла­рын дә­лел­дей­міз деп жү­ріп, оны өз қол­да­ры­мен күйрете құ­лат­ты. Бұл шын­дық­ты эво­лю­ционер бол­ға­ны­на қа­ра­ма­стан атақ­ты ағыл­шын, ес­кі қаң­қа­лар­ды зерт­теу­ші па­ле­он­то­лог Де­рек Агер бы­лай деп мой­ын­дай­ды: 

«Проб­ле­ма­мыз мы­нан­дай: Қаң­қа­лар­ды кеңі­нен, те­ре­ңі­нен зерт­те­ген уақы­ты­мыз­да, әр­дай­ым са­ты­лай-са­ты­лай да­мы­ған емес, тір­ші­лік бе­ті­не бір­ден пай­да бол­ған жан иеле­рі түр­ле­рі­нің кез­дес­ке­нін кө­ре­міз».

Қазіргі өмір сүріп жатқан жан иелері мен олардың ежелгі қаңқалары

Қа­зір өмір сү­ріп жат­қан көп­те­ген жан иеле­рі мен олар­дың мил­лион­да­ған жыл бұ­рын өмір сүр­ген түр­ле­рі­нің қаң­қа­ла­ры ара­сын­да еш­қан­дай ай­ыр­ма­шы­лық, өз­ге­ріс­тің жоқ­. Бұл бар­лық жан иеле­рінің са­ты­лай да­му жо­лы ар­қы­лы емес, Ұлы Алла та­ра­пы­нан арнайы жа­ра­ты­лып, жер бе­ті­нде бір­ден пай­да бол­ған­ды­ғын көр­се­те­ді. 

 100 миллион жыл бұрын өмір сүрген құмырсқаның табылған фосилі (таста қалған қаңқасы) мен қазіргі кездегі құмырсқаның арасында ешқандай айырмашылық жоқ.  

Миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген араның табылған қаңқасы мен қазір өмір сүріп жатқан араның арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 

410 миллион жыл бұрын өмір сүрген целекант балығының таста қалған қаңқасы. Эволюционерлер осынау қаңқаға сүйене отырып, табылған бұл балық түрін жан иелерінің судан құрлыққа өту кезеңіндегі «аралық түрінің» үлгісі деп қабылдаған. 

Бірақ қаңқасы табылған осы целекант балығы 1938 жылы тірідей бірнеше рет ауланды. Соңғы жылдары бұл балық түрінің жиі-жиі аулануы эволюционерлердің өтірік тұжырымдарын әшкере етті. 

135 миллион жыл бұрын өмір сүрген инеліктің тасқа айналған қаңқасы мен қазіргі инелік еш өзгеріссіз бірдей.

Эво­лю­ционер­лер та­был­ған сүйек­тің бір бө­лі­гі ар­қы­лы бел­гі­лі бір жан иесі­нің су­ре­тін ­яки ма­ке­тін өз мақ­сат­та­ры­на орай­лас­ты­рып ғы­лы­ми не­гіз­сіз қияли жо­ба­лау ар­қы­лы ха­лық­ты өз­де­рі­не сен­діруді көзде­ген. Га­зет­тер­де­гі, жур­нал, кі­тап­тар­да­ғы дар­ви­ни­зм­ді дә­лелдеу­ге қол­дан­ған көп­те­ген су­рет­тер мен ма­кет­тер, мі­не, осын­дай су­рет, ма­кет­тер.

Эво­лю­ционер­лер­дің бұл тұр­ғы­да шек­тен шық­қан­да­ры сон­ша­лық, «Zinjanthropus» деп ата­ла­тын адам­ның бас сүйе­гін не­гіз­ге алып бір-бі­рі­не мүл­де ұқ­са­май­тын үш түр­лі қияли су­рет сал­ған.

Эво­лю­ционер­лер май­мыл­дың адам­ға ай­на­лу ке­зеңін­де­гі «ара­лық түр» жар­ты­лай май­мыл, жар­ты­лай адам­ның бол­ған­ды­ғын дә­лел­дей­тін сүйек­ қаңқаларын та­ба ал­ма­ған­дық­тан, бұл проб­ле­ма­ла­рын май­мыл мен адам­ның сүйек­те­рін құ­рас­ты­ру ар­қы­лы ше­шу­ге бел бай­ла­ған.

Атақ­ты док­тор, ес­кі сүйек­тер­ді зерт­теу­ші Чар­льз Доу­сон 1912 жы­лы: «Анг­лияда­ғы Пилт­даун деп ата­ла­тын жер­дің ма­ңай­ын­да­ғы бір шұң­қыр­дан бір жақ сүйек пен бас сүйек тауып ал­дым» деп әлем­ге жар са­ла­ды. Жақ сүйек май­мыл­ді­кі­не ұқ­са­ға­ны­мен, бас сүйегі мен тіс­те­рі адам­ді­кі­не ұқ­сай­тын бұл сүйек­тер­ге 500 мың жыл­дық жас бе­ріл­ді. Сөй­тіп «Пилт­даун» деп атал­ған бұл сүйек­тер­ді әр түр­лі мұ­ра­жай­лар­ға қой­ып, адам­ның май­мыл­дан са­ты­лай да­му жо­лы ар­қы­лы пай­да бол­ға­нын растайтын нақ­ты дә­лел ре­тін­де қол­дан­ды. Бұл сүйек­ке бай­ла­ныс­ты 40 жыл­дам ас­там уа­қыт ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар жа­зы­лып, су­рет­тер сы­зыл­ды. Әлем­де­гі әр түр­лі уни­вер­си­тет­тер­ден 500-ге жуық док­тор­лық ең­бек қор­ғал­ды. Алай­да, 1949 жы­лы Кен­нет Ок­ли ат­ты ға­лым сүйектердің нақ­ты жа­сын анық­тай­тын «Flor test» тә­сі­лі арқылы «Пилт­даун ада­мы­н» да зерттеп көрді. Нә­ти­же өте таң­ға­лар­лық, бір сөз­бен айт­қан­да, мас­қа­ра! «Пилт­даун ада­мы­ның» сүйек­те­рі адам мен май­мыл­дың сүйек­те­рін өте ше­бер­лік­пен құ­рас­ты­ру ар­қы­лы жа­сал­ған­ды­ғы әш­ке­ре­лен­ді. 500 жыл бұ­рын өмір сүр­ген адам­ның бас сүйегі­не 60 жыл бұ­рын өмір сүр­ген Оран­гу­тан май­мы­лы­ның жақ сүйегі, жақ сүйегі­не адам­ның тіс­те­рі жа­сан­ды түр­де өте ше­бер­лік­пен ор­на­тыл­ған­ды­ғы анық­тал­ды. Сүйек­тер­дің жа­ны­нан табыл­ды де­лін­ген құ­рал­дар­дың қол­дан жа­сал­ға­ны да бел­гі­лі бол­ды. Осы­дан кейін ға­на 40 жыл­дай Бри­тан мұра­жай­ын­да тұр­ған бұл құ­рас­ты­рыл­ған сүйек де­реу шы­ға­ры­лып тас­тал­ды. Иә, өз мақ­сат­та­рын дә­лелдеу үшін осын­дай ай­ла, қу­лық­тар­ға жү­гін­ген ға­лым­сы­мақ­тар­дың қан­дай дә­лел­де­рі­не се­ну­ге бо­ла­ды?[2]

Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?

Дар­ви­низм пі­кі­рін қол­дай­тын­дар­дың ұ­стана­тын екін­ші не­гіз­де­рі: «Жан-жа­ну­ар­лар мен өсім­дік әлемі тір­ші­лік үшін үлкен кү­рес жүр­гі­зіп, бір-бі­рі­мен қыр­қы­су­да. Өмір үшін жүр­гі­зіл­ген бұл күрес­те ең күш­ті­ле­рі ғана ті­рі қа­лып, ал әл­сіз­де­рі­нің тұ­қы­мы құ­рып, жойылуда. Ті­рі қал­ған­дар­дың ұр­пақ­та­ры кө­бейіп, уа­қыт оз­ған сай­ын бір түр­ден екін­ші түр­ге ауы­сып, өз­ге­ре­ді. Бұл өз­ге­ріс­тер жа­ңа ұрпақ­тар­ға да өту­де».

Олар­дың айт­қа­нын­дай, егер әр жан иесі тір­ші­лік үшін бас­қа жан иеле­рі­мен үне­мі қыр­қыс, кү­рес үс­тін­де бол­са, ана­лар­дың ба­ла­ла­ры­на де­ген мейі­рім­ді­лі­гін, ақыл­сыз тауық сияқ­ты құс­тар­дың ба­ла­пан­да­рын құт­қа­ру үшін жырт­қыш­тар­дың аузы­на тү­сіп, өз жан­да­рын ба­ла­ла­ры­ның жо­лын­да пи­да ету­ле­рін қа­лай тү­сі­ну­ге бо­ла­ды? Мы­сал­ға, те­ңіз­де­гі кей­бір үл­кен ба­лық түр­ле­рі та­мақ­тан­ған­нан кейін ау­зын ашып тұ­ра­ды. Ал екін­ші бір кіш­кен­тай ба­лық ке­ліп тіс­те­рі­нің ара­сын­да­ғы ет­тер­ді та­за­лап, қо­рек ете­ді. Де­мек, өмір – қыр­қыс, кү­рес емес, өза­ра жәр­дем­де­сіп, кө­мек­те­су. Әйтпе­се кіш­кен­тай ба­лық қорық­па­стан, емін-ер­кін жырт­қыш ба­лық­тың ау­зын­да жү­ре ал­ма­сы анық. Үл­кен ба­лық та кіш­кен­тай ба­лықтарға тиіс­пес­тен аузын ашып жай ғана тұра алмас еді. Дар­вин­нің айт­қа­нын­дай, жан иеле­рі ара­сын­да өмір үшін жа­сал­ған бұл қыр­қыс, кү­рес­те әл­сіз­дер­дің тұ­қы­мы құ­рып, тек қа­на күш­ті­ле­рі қа­ла­тын бол­са, жер бе­тін­де­гі әл­сіз миллион­да­ған жан-жа­ну­ар, өсім­дік­тер­дің осы күн­ге дейін өз өмір­ле­рін сақтап, ұрпақтарын жал­ғас­ты­руын, ке­рі­сін­ше, ең күш­ті са­на­ла­тын ди­но­за­вр­лар секілі ірі жыртқыштардың тұ­қы­мы­ның тұз­дай құ­ру­ын қа­лай тү­сі­ну­ге бо­ла­ды?


[1] Чар­льз Дар­вин, Түр­ле­рин кө­ке­ні. Онур Иай­ын­ла­ры, Ан­ка­ра 1996.
[2] Гер­че­ге дог­ру жур­на­лы № 13, 10-бет. Гуф­ран Койун­су. 1996 ж. 

Қайрат Жолдыбайұлы, "Имани гүл" кітабынан

 

0 пікір