ИСЛАМДЫҚ БАНКТЕР ЖАЙЛЫ ЖИІ СҰРАЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР
ИСЛАМДЫҚ БАНКТЕР ЖАЙЛЫ  ЖИІ СҰРАЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР
1 ай бұрын 3126
Едіге АЛПЫСБАЙ

«Исламдық қаржы жүйесі», «исламдық банктер» деген тіркестер соңғы жылдары жиі айталып қалып жүр. 2009 жылы елімізде исламдық банктердің жұмыс істеуіне жағдай жасайтын алғашқы арнайы заң қабылданған кезде бұл тақырып тіпті де «хитке» айналып кеткен кездер болған. Халық әртүрлі қабылдады. Біреулер тегін ақша күтті, біреулер үрке қарады, енді біреулер сынап жатты. Бұл заңды құбылыс. Себебі «адам – білмегенінің жауы» демекші, дұрыс білмегендіктен сан түрлі қате ойлар кездесетіні өз алдына, қате білгендіктің салдарынан мүлде жаңсақ пікірлер де айтылып қалып жатады. Иә, бізде әлі бұл салада тиісті әдебиет те, арнайы түсіндірмелік шаралар да жеткіліксіз. Бұл олқылық уақыт өте түзелері сөзсіз. Дегенмен,  осы салада жүргендіктен БАҚ өкілдері тарапынан да, жалпы халықтан да түрлі сұрақтар қойылып жатады. Солардың ішіндегі ең көп сұралатын, халықты қызықтыратын басты сұрақтарға берілген жауаптарды жиыстырып, шағын ақпараттық материал дайындауды жөн көрдім. Исламдық экономика және қаржы жүйесін толық түсіну – жалпы экономика саласын толық түсінумен бірдей ғой. Адамдар бұл саланы меңгеру үшін бірнеше жыл кәдімгідей білім алады. Сондықтан, бұл материалда терең ақпарат емес, тек қоғамдағы осы салаға қатысты көкейкесті сұрақтарға ғана қарапайым жауаптар берілген. Оқыған адамдардың санасында исламдық қаржы жүйесі жайлы сәл де болса айқынырақ түсінік пайда болса – мен үшін үлкен қуаныш болмақ! Қабыл алыңыздар!

Сұрақтар

І-БӨЛІМ. Ислам қаржы жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы сұрақтар. 

1. Исламдық банктер пайызсыз несие береді дейді. Сонда олар қайдан пайда табады? 

Осы сұрақ жиі қойылады. «Ислам банкі» деген ұғым көбіне «пайызсыз несие» дене тіркеспен қатар айтылып, қайырымдылықпен ұштастырылып жатады. Көптеген қате түсінулердің дені осыған байланысты болған соң бұл сұрақтың жауабын көбірек ашуға тура келеді. Сонымен,

Әуелі «пайыз» терминіне қысқаша тоқтала кетейік. Иә, концептуалдық тұрғыдан алғанда, ислам банктері – пайызсыз банктер деп те сипатталады. Бірақ, мұндағы «пайызсыз» деген сөз «табыссыз» дегенді білдірмейді. «Пайыз» ұғымы – экономикалық ұғым. Ол – ақшаны тауар ретінде қарастрып, сол ақшаны сатудан түсетін табысты білдіреді. Бұдан да түсініктілеу болу үшін экономикалық теорияға сәл ғана бас сұғып көрелік. Жалпы, кез келген экономикада табыстың үш түрі болады. Алғашқысы – тауар немесе қызмет сатудан түсетін табыс. Жалақы, өтемақы, өндірістік пайда, саудадан түсетін пайда, т.б. дегендердің бәрі осыған кіреді. Екіншісі – мүліктің пайдалану құқығын сатудан түсетін табыс. Яғни үйіңіздің, жеріңіздің, көлігіңіздің т.б. өзін сатпайсыз, тек белгілі уақытқа пайдалану құқығын сатасыз, яғни жалға бересіз. Ал, үшіншісі – ақшаны сатудан түсетін табыс. Яғни – пайыздық табыс. Социализм жүйесінде – бұл табыстың үшеуі де мемлекеттің қолында болды. Капитализм жүйесінде үшеуіне де толық еркіндік бар. Ал, исламдық қаржы жүйесінда – үшіншісіне тыйым салынады. Себебі, ақша – тауар емес, тек айырбас құралы ретінде қарастырылады (экономикалық теория тұрғысынан мұның үлкен мәні мен салдары бар, ол жағына кірмей-ақ қояйық). Демек, исламдық қаржы ұйымдары, табыстың алғашқы екі түріне сүйене отырып қызмет көрсетеді.

Орайы келгенде тілге тиек ете кетейік, жалпы, мұндай «пайызсыз» қаржылық ұйымдардың моделдері тек исламдық жүйеде емес, басқа жүйеде де бар. Еуропадағы ислам банктерін айтып тұрған жоқпын, өз алдына бөлек пайызсыз қаржылық моделдер бар. Сондықтан, мәселенің діни астарына үңілетін ғалымдардың мынадай тұжырымы бар: «исламдық банктердің барлығы пайызсыз банктер, бірақ пайызсыз банктердің барлығы исламдық банк бола алмайды».

Қорыта айтқанда, исламдық банктер «ақша» сатумен емес, тауар және қызмет сатумен немесе мүлікті жалға беру арқылы табыс табады. Әрине, қаржылық ұйымның мақсаты – сауда жасау емес, қолындағы қаражатын тиімді үлестіру. Сондықтан оның қаржылық «өнімдері» жоғары аталған табыс табу механизмдеріне негізделе отырып ұсынылады.

2.  Исламдық банктердің несиелері арзан емес екен ғой. Қалайша онда олар исламдық банк болады? Жай банктерден не айырмашылығы бар сонда?

Екінші «үлкееен» сұрақ осы шамалас болып келеді. Бұл сұраққа да кеңірек жауап беру үшін, оны бірнеше бөлікке бөліп талдауға мәжбүрміз. Иә, исламдық банктер, басқа банктер тәрізді коммерциялық ұйым. Ол – пайда табуды көздейді. Бірақ, табыс табу механизмдерін шариғатқа сай жүргізеді. Түсініктірек болу үшін тағы бір «философиялық» шегініс жасайық…

Жалпы, ислам діні – Алланың жіберген ақ діні болғандықтан, ол тек құлшылық етуді ғана емес, адам өмірінің барлық саласын қамтиді. Мұсылман адамның барлық өмір салты діни ұстанымға негізделеді. Бұл сырт көзге тым «тар жол» сияқты көрінгенімен, шын мәнінде ешқандай «тарлығы» жоқ. Айталық, шариғат үш түрлі “қарым-қатынасты” реттейді. Біріншісі – адам мен Жаратушының арасындағы қатынас  - яғни құлшылық ету (ғибадат). Екіншісі – адам мен қоғамның арасындағы қатынас (муамалат). Адам баласының күнделікті өмірінің барлық қырлары, әлеуметтік, қоғамдық қатынастар, отбасы, мемлекет, қаржы мәселелерінің тұтасы осыған кіреді. Үшіншісі – адамның өз ожданымен арасындағы қатынасы (ахлақ). Бірақ, әр салаға қатысты әдістемесі бар. Мысалы, бастапқы ғибадатқа қатысты шариғаттың ұстанымы – тек рұқсат етілген ғибадат түрлері ғана бар. Басқасының бәріне тыйым салынады (діни терминмен айтқанда ондайлар “бидғат” болады, харам саналады). Ал, екіншісінде, муамалатта – керісінше. Нақты тыйым салынған нәрселер бар да, одан өзгенің бәріне рұқсат етіледі. Мысалы, жейтін асқа қатысты болсын, қоғамдық қатынастарға қатысты болсын, қаржы саласында болсын – “болмайды” делінген тыйымдар бар. Оның тысындағы кез келген жаңалыққа, жасампаздыққа жол ашық. Мұны – бір деп қойыңыз.

Әуел баста, атауында “исламдық банк” деген сөз бар екен деп, коммерциялық ұйымның қызметтері арзан болуы керек екен деген түсінік қате. Себебі ол да нарықтың заңдылығына бағынады. Ол да пайда табу тетіктерін ойластырады. Ол да бәсекеге қабілеттегін арттыра отырып, пайдасын арттыруға тырысады. Мысалы, қазіргі кезде дүкендерде көптеп орын алған “халал” өнімдер бар. Олардың бағасы басқалардан жоғары болмаса, онша төмен бола бермейді. Шығыны бар, құны бар дегендей. Оларға барып сендер “халалсыңдар” ғой, ислами тауарсыңдар. Неге арзан болмайсыңдар деп айта аласыз ба? Жоқ. Сол сияқты исламдық банктердің де ұсынатын қызметтері, қаржыландыру құралдарының салыстырмалы тұрде нарықтық құны бар. Нарық шарттарына қарай өз тарифтерін реттеп отырады. Бұл – екі деп қойыңыз.

Жаңағы “халал” дегеннен шығады. “Басқа банктерден не айырмашылығы бар? Жай терминдерін ғана өзгерткен, әйтпесе тура сол несие ғой” деп келетін сұрақтың үшінші бөлігіне жауап беріп көрелік. Расында да, исламдық банктерді өзге банктерден ерекшелендіретін басты мәселе – оның халалдығында. Яғни, исламдық банктер – шариғатқа қайшы келмейтін құралдарды қолдана отырып қаржылық өнімдер ұсынады. “Шариғатқа сай” дегеннен гөрі “шариғатқа қайшы келмейтін” деп әдейі айтып отырмын. Шариғатқа сай екені белгілі ғой, бірақ жоғарыда атап өткендей муамалат саласы бойынша шариғаттың ұстанымы – белгіленген тыйымдардан басқа нәрселерге рұқсат етіледі дедік қой, соған сәйкес болсын дегенім ғой. Басқа сөзбен айтқанда, барлық банктердің, тіпті, барлық қаржы ұйымдарының “функциялары” бірдей. Мейлі ол исламдық банк болсын, мейлі ол дәстүрлі банк болсын, басты қызметі – белгілі бір шарттармен “арзаныраққа” қаржы жинап, оны белгілі бір шарттармен “қымбатыраққа” үлестіру. Арадағы айырмашылық – ұйымның пайдасы. Негізінен осылай боп келеді (қосымша көрсететін қызметтерін әзірге айтпай-ақ қояйық). Алайда, сол қаржыны жинау мен үлестіруде қолданылатын механизмдері өзгеше болады. Дәстүрлі банктер – халықтан ақшаны арзанға “сатып алады да”, қымбатқа “сатады”. Ал, исламдық банктер олай істей алмайды. Себебі ол – шариғатқа қайшы. Сондықтан олар шариғатқа қайшы келмейтін механизмдер қолданады. Сырт көзге бірдей болып көрінуі мүмкін: банктен ақша аласың, көбірек қылып қайтарасың. Алайда, банкпен арадағы келісім шарттың мәтініне, ондағы шарттарға т.б. үңілетін болсаңыз айырмашылық көп. “Халал” болуы үшін шариғаттың белгілеген тәртібі бар. Мысалы, жоғарыда айтқан халал шұжықтарды алайық. Оны халал қылатын нәрсе не? Шариғаттың белгілеген тәртібі емес пе? Малды сою тәсілі, оны тазалау жолы т.б. Әйтпесе, сол ет, сол шұжық. Немесе, неке ұғымын алайық. Некені діни тұрғыдан “заңды”,  яғни, халал қылатын не? Ол да сол – шариғатта көрсетілген кейбір шарттар мен ниет. Сол сияқты, исламдық банктерді де халал қылатын – қолданатын қаржылық құралдардың шариғатқа қайшы болмауы. Сырттай бірдей болып көрінгенімен, біреуі – халал, екіншісі халал емес. Әйтпесе, исламдық банк дегенге бұрын соңды болмаған, ерекше бір қаржылық өнімдер, немесе қайырымдылық күту – қате болса керек. Мұны – үш деп қойыңыз.

Алайда, исламдық қаржы ұйымынан қайырымдылық күту де негізсіз емес екенін де айта кету керек. Бірақ ол исламдық банктерге қатысты емес. Исламдық қоғамда “уақф” деген қаржылық ұйымдар болады. Тарихта мұсылман қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде өте үлкен рөл атқарған бұл ұйымдар қазір де кейбір елдерде сақталған. Оның мақсаты, жұмысы мен механизмі сәл өзгеше. Бірақ оларды исламдық банктермен шатастырмау қажет.

 3. Исламдық құнды қағаздар нарығы бар ма? Болса, оның ерекшелігі не?

Бар. Ерекшелігі – ондағы құнды қағаздардың шариғат талаптарына сай болуы.

Енді осыны біраз ашып көрелік…

Жалпы, құнды қағаздар не үшін керек? Қосымша қаражатқа мұқтаж компаниялар үшін сырттан ақша тартудың түрлі жолдары болады. Бірі – банктен несие алу болса, екіншісі – құнды қағаз шығару арқылы ақша тарту. Құнды қағаздар негізінен екі топқа бөлінеді. Бірі – акциялар, екіншісі – облигациялар. Акция дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда, белгілі бір компанияның белгілі бір үлесі дегенді білдіреді. Компанияға ақша тарту үшін, оның иелері акция шығару арқылы өз қатарына инвесторларды, жаңа серіктестерді қосады. Акциялар исламдық қаржы жүйесі қағидаларына концептуалды түрде сәйкес келеді. Алайда, кез келген компанияның акциясын алуға болмайды. Мысалы, арақ шығаратын зауыттың акциясын алуға болмайды. Себебі ондай кәсіппен айналысу – “харам”. Ал, акциясын алу – сол компанияның иесі болу деген сөз. Сол сияқты, компанияның балансының құрылымына да қаралады. Бәлкім, ол компанияның қоржынының көп бөлігі несиеден тұратын шығар? Ондай жағдайда да шектеулер бар…

Осы орайда тағы бір экономикалық теорияға соғып өту керек болады. Исламдық экономиканың тағы бір басты қағидаларының бірі – “қарызды” алып-сатуға тыйым салынады. Бұл не деген сөз? Мысалы, Арман Ерланға 1000 теңге қарыз делік. Бір айда қайтаруы керек. Ал, Арманға шұғыл ақша керек боп қалды. Ол Қайратқа: “Қайреке, маған шұғыл ақша керек. Ерлан маған бір айдан кейін 1000 теңге қайтаруы керек. Сен маған қазір 900 теңге бере тұршы, ал, Ерлан маған беретін 1000 теңгесін саған бере салсын” – дейді. Қайраттың қалтасында бос ақша бар. Ол: “ақша құр жатқанша, бір айда қосымша 100 теңге тауып қалайын” деп ойлап, ақшаны береді. Міне, қарызды алып-сату деген осы. Мұндай механизм дәстүрлі  қаржы жүйесінде кеңінен қолданылады. Ол туралы келесі абзацта айтамыз. Ал, қазірше, ация мәселесін бітіріп алайық. Сонымен, балансында түрлі “пайыздық” құралдары бар компанияның акциясын алуға да шектеулер бар. Себері, акцияны алу арқылы – сен сол компанияның “біреулерге” деген қарызын, немесе, біреулердің сол компанияға қарыздарын да сатып аласыз деген сөз. Акциясы сатылатын компанияны осы сияқты түрлі “тесттерден” өткізетін, ислам ғалымдарының дайындаған арнайы әдістемелері бар. Мұны “скрининг” деп атайды. Көптеген әлемдік құнды қағаздар биржаларында қазір исламдық индекстер бар. Ол жерде сол биржадағы акциялардың жоғарыдағыдай скиринингтен өткізілген, яғни, исламдық тұрғыдан “халал” саналатын ациялардың тізімдері бар. Сол арқылы исламдық инвесторлар акцияларды еркін алып сатуына болады. Ескерте кететін жай – мұндай скрининг тек биржаға ғана емес, қарапайым бір компанияға үлескер ретінде кіріп, ақша салатын адамдар үшін де қажет.

Құнды қағаздардың келесі түрі – облигациялар. Дәстүрлі облигация дегеніміз – компанияның өз әлеуеті, рейтингі, иммиджі т.б. қаржылық көрсеткіштері деңгейінде сыртқы инвесторлардан “ақша сатып алуы”. Яғни, банктен несие алған сияқты, жекелеген қаржы институттарынан, мемлекеттен немесе сондай ұйымдар тобынан несие алады. Сол несиенің дәлелі ретінде облигация (сертификат қағаздар) шығарады. Мұндағы механизм – кәдімгі пайыздық несиеге ұқсас болғандықтан, исламдық шарттарға сәйкес келмейді. Алайда, исламдық құнды қағаздар нарығында, шариғат талаптарына сай келетін арнайы “сукук” атты облигациялық құнды қағаздар бар. Олардың көптеген түрлері болады. Жалпы сипаттамасы – компания сыртқы инвесторлардан пайыздық үстемеге ақшан сатып алмайды. Есесіне, сол қаражат жұмсалатын жобаны көрсете отырып, шариғат талаптарына қайшы келмейтін қаржылық механизмдерге сәйкес облигация шығарады. Мұндай шығарылған сукуктар нақты жобалармен кепілденгендіктен, инвесторлар үшін қауіпсіздеу әрі халал болады.

Дәстүрлі қаржы нарығында кеңінен қолданыдатын “туында құнды қағаздар” деген өнімдер бар. Олардың жұмысы жоғарыда айталған “қарызды алып-сатуға” негізделеді. Қысқаша айтсақ былай болады: банк өз клиенттеріне берген несиелер портфелін “кепілге” қоя отырып, облигация шығарады. Яғни, клиенттерден 10 жылда 10 млн теңге қайтуы керек болса, банк ол қарыздық портфелін инвесторларға 9 млнға сатады. Ол облигацияны сатып алғандардың бірі – бір инвестициялық қор болсын делік. Оның портфелінде сондай облигациялар көп болады. Бір кезде, ол қор да құнды қағаздарды капитализациялау мақсатында, белгілі бір мөлшердегі жаңағыдай туынды облигацияларды топтыстырып, сол портфелді кепілге қойып ол да құнды қағаз шығарады… Осылайша, туынды қағаздар шығарыла береді. 2007-ші жылғы қаржылық дағдарысқа апарған үлкен себептердің бірі осы еді. Яғни, банктің клиенті қойған бір мүліктік кепілге негізделе отырып бәленбай туынды қағаз шығарылып, талай қаржылық институттар миллиондаған доллар айналдырады. Бір кезде, жаңағы банк клиенті несиесін төлей алмай қалса – шынжырлық әсер арқылы бүкіл индустрия жапа шегеді  (түсініктілеу болуы үшін бір клиент деп отырмын, сәл әсірелеп жіберілген болуы мүмкін). Ал, исламдық экономикада мұндай туынды қағаздарға, яғни қарызды алып-сатуға тыйым салынады.

 ІІ-БӨЛІМ. Күнделікті жағдайға қатысты сұрақтар

Ескерту: Мен “пәтуә” беретін дін ғалымы емеспін. Берілетін жауаптар исламдық қаржы жүйесінің ерекшеліктері мен әлемде қабылданған (шариғат ғалымдарының пікірлеріне негізделе отырып) белгілі станданрттар тұрғысынан болады. Сондықтан "былай істесем бола ма" дегеннен гөрі "исламдық қаржы жүйесінде осы мәселе қалай қолға алынған немесе шешілген" тәріздегі сұрақтарды ғана іріктеуге тырыстым. 

1. Мысалы менде тұрғын үй құрылыс банкісінде есеп шотым бар. Болашақта астанадан сол банк арқылы пәтер аламын деген үміттемін. сұрақ: осылай банкпен қарым қатынас дінімізде қалай? процент болып кетема? олай болса тиімді жолы қандай?

Тұрғын үй құрылыс банкінің ұсынып отырған бағдарламалары азаматтар үшін қолайлы әрі жеңіл екенін қолдаймын. Алайда, таза Ислами тұрғыдан қарағанда ол шариғатқа сай емес. Себебі, сіздің салған депозитіңізге өсім төленеді, ал алған несиеңізге (аз мөлшерде болса да) сіз өсім төлейсіз. Сол сияқты, біздегі дәстүрлі банктердің бүгінгі таңда ұсынып отырған ипотека және басқа несиелік бағдарламалары да солай.
Демек, объективті тұрғыда мұндай несиелерді алуға дініміздің талаптары бойынша тыйым салынған. Алайда, бірқатар ғалымдар баспана адамның басты қажеттіліктерінің қатарында болғандықтан, егер оны алудың басқа (адал) жолдары болмаған жағдайда, несие алуға болады деген фәтуалары бар екені жасырын емес. 

2. Менің білуімше, Ислам Қаржыландыру Банкі жеке тұлғалармен жұмыс істемейді. Мені қызықтыратыны, ипотека болып отыр. Осы бағытта Банк жұмыс жасамақ ойында бар ма екен, соны білейін деп едім. Және бар болса, шамамен қашан қолға алынбақ?

Мынадай ұғымдардың ара-жігін ашып алған дұрыс деп санаймын.

1. Ислам Даму Банкі - бұл 1975 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық қаржы ұйымы. Қазақстанда осы қаржылық ұйымның аймақтық өкілдігі 1997-ші жылы ашылған. Бұл ұйымның мақсаты - ұйымға мүше мұсылман елдерінің экономикасына қолдау көрсету. Яғни, бұл ұйым көпшілік сөз етіп жүрген "ислам банкі" емес. 

2. Ислам банктері - бұл Қазақстанда 2009 жылы қабылданған арнайы заң негізінде жұмыс істей алатын, атауында міндетті түрде "ислам банкі" деген сөз болуы тиіс, Қазақстан Ұлттық Банкінің арнайы лицензиясына ие, екінші деңгейлі банктер. Яғни, бұлар нарықтағы дәстүрлі банктер сияқты (нарықта солармен қатар қызмет көрсететін), жеке және заңды тұлғалардан депозитке қаржы жинап, оларға қаржыландыру өнімдерін ұсынатын коммерциялық қаржылық ұйымдар. Бұл банктер жекеменшік немесе мемлекеттік және шетелдік капиталмен ашылуы мүмкін. 
Қазіргі кезде Қазақстанда екі ислам банкі бар. Ол - Әл Хиләл Ислам банкі және Заман Ислам банкі. Оның қызметтері туралы ақпаратты банктің ресми сайтынан алуға болады: www.alhilalbank.kz/ www.zamanbank.kz

3. Халықтық IPO-ға қатысты сұрағым бар еді. Акциясын сатып жатқан бізге мәлім бірнеше компания бар. Осы компаниялардың қайсысының акциясы ислам шарттарына сай?

Компанияның акцияларына (қарапайым акциялар сөз болып отыр, артықшылықты акцияларды алуға тыйым салынады) ақша салу, одан түскен дивиденттер арқылы табыс табу және акция құнының өсуіне байланысты оны сату арқылы пайда табу - шариғат талаптарына қайшы келмейді. Себебі, акцияға иелік ету - сол компанияның үлескері болу деген сөз.

Алайда, кез келген компанияның акциясын алуға болмайтыны сөзсіз. Мысалы, арақ-шарап өндіретін немесе сататын, өсімқорлыққа негізделген табыс табатын (дәстүрлі банктер, сақтандыру компаниялары, т.б.) ұйымдар тәрізді тікелей Шариғатқа қайшы келетін компаниялардың акцияларын алуға болмайды.

Оған қоса, кейбір компаниялардың бағыты мен қызмет индустриясы Шариғатқа қайшы келмегенімен, оның акцияларын алуға тыйым салынатын кездер болады. Оған себеп - ол компанияның несиелік портфелі, балансы, қаржылық құрылымы, шариғатқа қайшы келетін (негізгі емес, қосалқы: құнды қағаздардан түсетін табыс, депозиттен түсетін табыс, т.б.) т.б. көрсеткіштер болып табылады. 

Мұндай көрсеткіштерді анықтау процесін нарықта "скрининг" деп аталады. Бүгінгі таңда әлемдік Исламдық қаржы нарығында қалыптасқан және қолданылатын бірнеше әдістемелер (методологиялар) бар. Мысалы: Доу Джонс биржасының Исламдық индексінің әдістемесі, FTSE әдістемесі, AAOIFI (Халықаралық Исламдық Қаржы Институттарының Аудит және Бухгалтерлік есеп стандарттарын жасайтын ұйым) әдістемесі. 

Әлемдің ірі биржалардың көбінде осы әдістемелердің біріне негізделген индекстер болады. Яғни, сол биржадағы акциялар скринингтен өткізіліп, шариғатқа қайшы келмейтіндерінің арнайы тізімі ұсынылады. Сол арқылы инвесторлар бұл тізімдегі акцияларды еркін ала беруіне болады.

4. Екі жылдай болды ИП ашқанымызға. Жақсы жобамыз бар еді. Көп емес бар-жоғы 2 миллион теңге қарыз бере ала ма Ислам банкі? Берсе қандай шартпен, қанша пайыз үлеске иелік етеді, егер жоба алға жылжыған жағдайда? Жалпы бизнесті қалай қаржыландыруы жайлы толығырақ айтып берсеңіз.

"Ислам банкі" дегенде Әл Хиләл банкін меңзеп тұрған болсаңыз, алдыңғы сұрақтың бірінде ол туралы айтылды. Өздеріне тікелей хабарлассаңыз болады. Бірақ олар өкінішке орай әзірше ИПларға (жеке кәсіпкерлерге) ешқандай қаржылық өнімдер ұсына алмайды.

Жақында ғана «Даму» кәсіпкерлкті қолдау қоры өз бағдарламалары аясында исламдық қаржыландыру бағытын ашқаны жайлы хабарлады. Сол бағдарламаны көрсеңіз болады.

5. Осы көріп жатқанымыздай, мемлекеттерімізде қазіргі таңда Халал Банк ашылып жатыр, осы ары ойланам бері ойланам, банктің негізгі мақсаты пайда табу болса, процентсіз олар қалай пайда көреді, әлде бәрібірде ол банктерде пайыздар жүре ме?осы жайлы кішкене қысқаша мағлумат бере аласызба?

Кез келген жүйеде, табыстың үш түрі болады. Яғни, барлық табысты үш негізгі қалыпқа жинауға болады. 

1. Тауар немесе қызметті сатудан түсетін табыс. Бұл жерге саудадан түсетін пайда, адамдардың жалақысы, акцияның дивиденттері, делдалдықтан түсетін ақша т.б. жатқызамыз. 

2. Мүлікті пайдалану құқығын сатудан түсетін табыс. Яғни, сіз өз мүлігіңізді сатпай, тек белгілі уақытқа пайдалануға бере отырып, сол үшін алатын ақыңыз. Бұл жерге жалға беру, лизинг сияқты табыс түрлері жатады.

3. Ақшаны сатудан түсетін табыс. Яғни, классикалық экономикалық теорияның ұстанымына сәйкес, "ақша - тауардың бір түрі" деген қағидаға сүйеніп, оны сатудан түсетін "пайыз". 

Ал, исламдық экономикалық теорияға сәйкес "ақша - тауар емес, тек айырбас құралы" болып табылады. Сондықтан, Ислам діні табыстың осы түріне, яғни ақшаны сатудан түсетін табысқа (және осының бір түрі ретінде - қарызды сатуға) тыйым салады.
Ал, табыстың алғашқы екі түріне толықтай рұқсат етілген.

Сондықтан, исламдық қаржы институттарының бизнесті қаржыландыруы - табысты осы екі көзіне негізделе отырып ұсынылады. Яғни, ол сізге нақты тауар немесе қызметін сатады, немесе белгілі бір мүліктің пайдалану құқығын сатады (жалға береді). Осы қағидаға негізделе отырып, қаржылық институттың (банк, лизинг компаниясы, микроқаржыландыру ұйымдары, инвестициялық қорлар, т.б.) көптеген қаржылық өнімдер ұсынылады.

6. У меня вопрос по поводу рассрочек которые выдают микрокредитные организации для покупки бытовой и иной техники для дома, можно ли их брать? и нет ли там скрытого процента?

Схемы рассрочки на приобритение бытовой и иной техники бывают разные. Признаюсь, я не знаю все детали таких взаимоотношении продавца техники с банками (или микрокередитными организациями).

Часто бывает так, что сам продавец предлагает свои товары в рассрочку. В этом случае, он даже может добавить наценку за то, что он продает в рассрочку. То есть, он может сказать: если берет сейчас, то цена 1000 тенге, а если в рассрочку - то 1200 тенге. Здесь нет "харамного" процента, так как он продает не деньги, а товар. Но здесь важным моменто является то, что если покупатель согласился на одну цену, то изменять уже эту цену, или делать надбавку за каждый проссроченный день и т.д. он уже не имеет право, согласно Шариату. То есть, если покупатель решил купить в рассрочку, то в конце он должен выплатить именно 1200 тенге.

В случаях, когда участвует третья сторона - финансовый институт, то там уже зависит от условии, на которых работают продавец и финансовый институт, и условии которые предоставляются покупателю. Не могу сказать что все эти схемы запрещены. Но  "классическая" схема работает так: Вам предлагают купить в рассрочку, финансовый институт оплачивает продавцу всю сумму (с заранее оговоренной скидкой) и заключает с покупателем уже договор о кредитования. Здесь вы уже покупаете не товар (технику), а деньги, что является запрещенным.

Повторюсь, что финансовые институты могут разрабатывать новые схемы и продукты, которые могут быть дозволенными. Это все зависит от условия договоров между сторонами.

7. Менің сізден сұрайын дегенім Исламдық қаржы жүйелері жеке тұлғаға несие бермейді екен. Ал мемлекеттің жұмыспен қамту т.б. бағдарламаға сәйкес пайызы аз (6-7 %) мөлшерде беріп жатқан несиесін алсақ шариғатқа қалай болады екен? Құс өсірейін, мал өсірейін десем өзімнің қаржым аздау болып тұр. Ал мына мен айтқан мемлекеттің бағдарламаларында өздері оқытып, үйімізді кепілге қойсақ несие береді екен. Әрі пайзыда өте аз. Ақшаның жылдық құнсыздануыда сол шамадағой. егер зиян көрмейтін болсам алсақ болама? 1,8 млн теңге алған азаматтарға 5 жылда 295 мың теңге қосылады екен. Бізге өте тиімді еді. Ислам банктеріндеде азғана пайыз болады дейдіғой. не айтасыз? 

Пайыз мөлшерінің аз немесе көп болуы оның адал-харамдығына әсер етпейді. Өкінішке орай, біздегі мемлекеттік бағдарламалар көбінесе дәстүрлі қаржы жүйесіне негізделгендігі шындық. Алайда, оның Шариғат талаптарына қайшы екендігін біле тұра, жалпы қоғамдағы жағдайлар мен шарттарға сәйкес ондай несиені алуға бола ма, болмай ма деген сұраққа мен жауап бере алмаймын. Бірақ, жуырда ғана “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры Шариғатқа сай қаржыландыру жобасын іске қосқаны жайлы хабарлады.

8. На сегодняшний день, можно ли взять кредит частным лицам по исламской схеме в Республике Казахстан?

Пока к сожалению нет таких исламских финансовых институтов, которые бы предоставляли финансирование для частных лиц кроме ипотечного финансирования, которое предлагат Al Hilal банк.

9. 1) Жеке тұлғалармен жұмыс істеуге ислами банктеріне не кедергі болып отыр деп ойлайсыз? 2) Ислам банктерін Қазақстанда ашу үшін үкімет не істеп жатыр?

1. Ислам банктеріне заңдық тұрғыдан кедергілер жоқ (бар болса да, олар бірте-бірте шешілуде). Алайда, бізде ислам банктерінің саны аздау әзірге (екеу ғана). Банктерден басқа, жеке тұлғаларға түрлі қаржылық өнімдер ұсынатын басқа да институттар қажет. Мысалы: исламдық сақтандыру (такафул) ұйымдары, микроқаржыландыру ұйымдары деген сияқты. Осы ұйымдардың заңнамалық негізі дайындалса, жеке тұлғаларға ұсынылатын қызметтер арта түседі деп сенемін. 

2. Үкімет тарапынан исламдық қаржы жүйесін дамытуға қатысты қолдау бар. Бірақ, айта кетерлік бір нәрсе - исламдық қаржы ұйымдары - бұл жеке, коммерциялық ұйымдар. Олардың көптеп ашылуы, дамуы нарыққа, ондағы сұраныс пен ұсынысқа тікелей қатысты. Ал, үкіметтің ролі - заңнамалық тұрғыдан қолдау және халықтың сауатын ашуға қатысты шаралар жасау. Әсіресе, осы екінші мәселеге көбірек көңіл бөлінуі тиіс деп санаймын.

Исламдық қаржы жүйесін енгізудің мынадай басты пайдалары бар деп санаймын:
- Елімізге исламдық қаржы нарығынан инвестиция тарту мүмкіндігі;

- Қазақстан халқына, мұндағы инвесторларға өз қаржысын салуға қосымшы тиімді әрі сенімді құралдар ұсыну мүмкіндігі;

- Қазақстандағы мұсылман қауымына Ислами шеңберде қаржылық өнімдерді пайдалану; мүмкіндігі

- Адамның емес, адамды жаратқан Алла тағаланың қағидалары негізінде жүйеленгендіктен, Исламдық экономикалық жүйе ұзақ мерзімде жалпы экономиканың сапалы әрі жүйелі дамуына оң әсер етпек.

Осы тұрғыдан алғанда, үкімет тарапынан да, қоғам тарапынан да әлі бірқатар жұмыстар атқарылуы тиіс.

10. Мне как рядовому мусульманину есть интерес побольше узнать об исламском банкинге и других инструментов. Какие книги посевутуете почитать? Есть ли таковые?

Очень отрадно, что у вас есть такой интерес. На русском (и казахском) языке пока очень мало книг посвещенные исламской экономике и финансам. Очень много информации на других языке. Легче всего их можно найти в интернете (есть платные и бесплатные).

11. Расскажите, пожалуйста, как создать общественную кассу? Очень хотелось бы ввести её в практику! Нам, мусульманам, очень нужна альтернатива ростовщической банковской системе!  По крайней мере хотя бы, чтобы эту модель могли практиковать маленькими группами! Я очень надеюсь, что вы сможете очень четко и подробно раскрыть ответ на этот вопрос от А до Я!

Подробно расскрыть вопрос создания общественной кассы, к сожелению не получиться (по крайней мере, здесь) но в целом, могу сказать, что именно такие инициативы со стороны общества оказывают огромное влияние на развития альтернативных финансовых продуктов. Очень важно, что бы не только концепция и структура таких организации соответствовали принципам Ислама, но и деятельность. Потому что, существую общественные кассы, которые собранные средства выдают своим членам в качестве ссуды (не важно по какой ставке) и взымают пени за просроченные дни. 

Вообще, в наши дни, когда говорим об исламских банках, многие люди ассоциируют это не с "халяльной" финансовой системой, а именно дешевыми, или даже бесплатными финансовыми средствами. 

Хотя это не правильное понимание сути дела, но в, принципе, и не без доли правды. Потому что в исламской финансовой системе есть такие институты как "Уакф", которые по сути и есть благотворительные организации. Но их особенность в том, что они не только просто собирают средства и передают другим. Основная функция уакфов это - управление переданными во владение имуществ (недвижимость, деньги, транспортные средства и т.д.) с целью получения прибыли. Но часть прибыли распределяется в качестве благотворительности (в том числе и в качестве беспроцентного займа для предпринимателей), а часть снова инвестируются. Таким образом активы уакфа растут и тем самым растет возможность благотворительности. 

Во многих мусульманских странах уакфы играли важные исторические роли в развитии экономики и предотвращении бедности. Это еще одно направление, которое требует внимание нашей общественности.

12. Меня беспокоят два вопроса касательно финансовых отношений. Первый - 4 года назад я взял ипотеку, в то время я незнал что это запретно. Теперь выплачиваю процент банку но каждый раз понимаю что совершаю грех. Насколько я знаю Исламский банк работающий в нашей стране имеет дело только с юридическими лицами. Есть ли выход в моей ситуации? Второй - пенсионный фонд. Как быть с этими накоплениями, так как к ним тоже прибавляют процент, так называемый инвестиционный доход. Ситуация тоже сложная, так как отчисления в него носят "добровольно-принудительный" характер.

На первый вопрос я попытался дать ответ (по крайней мере разъяснить ситуацию) в предыдущих вопросах. Что касается пенсионных фондов, то это действительно существующая проблема, и не только в Казахстане. Так как, это обязательное правило, мы все (точнее, за нас это делают другие) переводим часть своих доходов в пенсионный фонд. Он же в свою очередь управляют этими средствами согласно нормативов и правил, которые обязаны соблюдать. То есть, он эти деньги вкладывает в определенные ценные бумаги, которые отвечают требованиям (по рейтингу, по эмитентам, по доходности и т.д.). Все инструменты в которые вкладывют пенсионные фонды являются долговыми и к сожелению не соответсвуют принципам Ислама. При достижения пенсионного возраста, фонд должен передать накопленные средства плюс процентные доходы от них нам. 
Одним из возможных решении для мусульманина в такой ситуации (я здесь всего лишь привожу в пример действия некоторых обществ, а не даю фетву) может быть такое: человек берет только основную сумму накопления (эти цифры предосталяются), а процентный доход раздает в качестве благотворительности.

Лучше было бы конечно развить такую систему, где пенсионные фонды моглы бы инвестировать средства в дозволенные инструменты. Такая практика существуют, и основными инвесторами в выпущенные исламские ценные бумаги (сукук) являются пенсионные фонды (например, Малайзии). Но в целом, таких инструментов пока еще мало и есть дефицит дозволенных продуктов.

Есть надежда, что со временем пенсионные фонды (по крайней мере некоторые из них) станут диверсифицировать свои инвестиционные портфели, включив туда и исламкие инструменты.

13. Скажите, пожалуйста, в Казахстане есть ли возможность вложения небольшой суммы денег в какой-бизнес (5-10 тыс.долларов), чтобы можно было получать халал доходы?

Если вы имеетей ввиду именно финансовый продукт, то вы можете либо вложить в депозит Исламского Банка Альхиляль и Заман банка (условия узнайте у самих банков), либо через брокерские компании вложить свои деньги в ценные бумаги. Ценные бумаги в целом можно поделить на два: акции и исламские облигации (сукук). Если вкладывать в акции иностранных компании, то во многих международных биржах акции существуют исламские индексы. То есть там подобраны акции, которые дозволены по Шариату. А чтобы вложить в акции казахстанских компаний, то надо будет их смотреть индивидуально (про скрининг - смотрите ответ на вопрос про Народный IPO).
Чтобы вложить деньги в сукук, надо будет купить паи иностранных паевых сукук фондов. Потому что минимальный порог для покупки сукук очень высок и их выкупают либо институциональные инвесторы, либо паевые фонды.
Но должен сказать, что наши брокерские компании пока еще не очень активно участвуют в исламских финансовых рынках.

А если вы имеете ввиду вложить деньги в конкретный бизнес, то таких очень много. Вам нужно непосредственно разговаривать с владельцами таких бизнесов. Главное, чтобы бизнес был в дозволенных отраслях экономики (традиционные банки, страховые компании, микрофинансовые организации, производство спиртных напитков, продукты из свинины и т.д. не подойдут) и соблюдал основные принципы Ислама касательно бизнеса (не увлекался с валютной биржой, долговыми ценными бумагами, чрезмерными кредитами и т.д.).

14. Скажите пожайлуста можно ли пользоваться текущими счетами в неисламских банках, для целей хранения денег, переводов т.д., без начисления процентов на остатки по счетам.

Да, текущими счетами пользоваться можно. Так же можно пользоваться другими услугами традиционных банков, за которые банк получат комиссию. То есть когда банк "продает" услугу, а не деньги.

15. Недавно узнал что в Казахстане начали выдавать кредиты на развитие сельского хозяйства и предпринимательской деятельности на селе по программе Исламского Банка Развития. Но там указывается что кредит выдается под 9,5% годовых. Как это понять? Разъясните пожалуйста.

По поводу этого желательно обратиться в сам Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства (www.fad.kz), который предоставляет такой продукт. Потому что структурой данного продукта я не знаком. Но возможно этот продукт разработан на основе исламских торговых контрактов мурабаха и/или салям.

Это торговые контракты, которые подразумевают купли товара (оборудования, скота, сырья и.т.) и продажи в рассрочку, но с надбавкой. Хочу обратить внимание на то, что хоть и со стороны это кажется таким же кредитом, как в обычных банках, но с экономической точки зрения это разные вещи ("продажа товара" против "продажи денег"), и торговые сделки являются дозволенными. В данном случае, 9.5% - это надбавка на стоимость товара. 

Многие путаются при виде слова или знака "процент". На самом же деле, под запрещенным "процентом" подразумевается банковский термин "ссудный процент", а не само слово "процент". Ведь во многих случаях слово или знак "процент" - это всего лишь единица измерения, как килограмм или метр.

16. 1) Елімізде Әл-Хиләл банкі ашылды. Бірақ ол тек ірі кәсіпорындармен ғана жұмыс жасайтынын айтып өттіңіз. Қарапайым халықпен жұмыс жасамағандықтан да, бұл күмәнді ойларға жетелейді. Мұны айтып отырған себебім, қазіргі күні шетелдерде "Ислам банкі" аталып жүрген қаржы жүйелері қатты сынға ұшырап жатыр. Яғни, бұл банктер пайыз алмаймыз дегенімен, жасырын рибаға жол береді екен. Естуімше, Пәкістан, Малайзия сияқты елдердің мұсылман ғалымдары Ислам банктеріне де харам деп пәтуа шығарып қойыпты. Қысқасын айқанда, бұл банктердің өзге дәстүрлі банктерден айырмашылығы жоқ көрінеді. Жалпы осы мәселеге қатысты не айтар едіңіз? Ислам банктері деп шулағанымызға біраз жыл болды. бірақ, оның пайдасын да көре алмай қойдық, тіпті оны түсіне де алмай қойдық. 

2) Қазіргі күні алтын динар, күміс дирхам мәселесі көтеріліп жүр. Малайзия, Индонезия елдерінде алтын-күміс ақшалар іс жүзінде қолданысқа енгізілген. Осы жөнінде не айтасыз?

1. Сұрағыңыз орынды. Алайда, мынаны ескеру керек. Шариғатқа қатысты мәселелер өте күрделі талдауды, терең білім мен біліктілікті талап етеді, оны өзіңіз жақсы білесіз. Бір нәрсеге қатысты ой қорытып, пікір айту оңай емес. Сан түрлі діни мәселелерге қатысты ірі-ірі ғалымдар (сондай деңгейдегі ғалымдар) өз пікірлерін айтатыны белгілі. Бұл шариғаттың ғибадат мәселесінде де (Жаратушы мен адамның арасындағы қатынас), муамаләт мәселесінде де (адам мен адам(дар)ның арасындағы қатынас) және ахләқ мәселесінде де (адамның өз ожданымен арасындағы қатынас) солай. Сондықтан, кез келген мәселеді көпшілік ғалымдардың ортақ пікірі қабылданады. 

Қазіргі исламдық қаржы жүйесіне сын айтатын ғалымдар бар, болуы заңды. Бірақ жалпы көпшілік ғалымдардың пікірі бір жерден шығады. Сондықтан әлемде дәл қазіргі исламдық қаржы институттары жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында арнайы шариғат кеңестері болады. Ол кеңеске әртүрлі елден түрлі ғалымдар мүше болады. Кейде сырт көзге тым оңай болып көрінетін әрбір қаржылық өнім, қаржылық құралдың артында талай ғалымдардың үлкен еңбегі жатады. 

Бірақ, жалпы зерттеу жұмыстары ұдайы жалғасып отыратындықтан, уақыт өте бұдан да жетілдірілген исламдық қаржы құралдары шығуы ғажап емес, солай болғаны күтіледі де. 

Сіз айтқан "харам" деген пәтуаларды бүкіл елдің ғалымдары бірауыздан емес, бірен саран кісілер айтуы мүмкін. Және бүкіл жүйеге емес, оның ішіндегі бірді-екілі нақты қаржылық құралдарға қатысты болуы мүмкін. Бірақ оны көпшіліктің пікірі деп қабылдау дұрыс емес.

2. Бұл бағыттағы жұмыстар мен ұсыныстар бар. Бірақ әзірше көпшілік тарапынан, қаржылық институттар тарапынан толықтай мойындала қойған жоқ. Кейбір жерлерде (мысалы Малайзияның штаттарының бірінде) тәжірибе ретінде алтын динарлар айналысқа енгізілген, бірақ дәл күтілген нәтижеге қол жеткізілмегені жайлы айтылады. Алайда ол жұмыс әлі жалғасуда және болашақта оң нәтиже беруі мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.

 

17. Сізден сұрайын дегенім, әлем бойынша өркениетті елдерде азаматтардың түрлі құнды қағаздарға иелік етіп, олардан белгілі бір мерзім ішінде пайда (дивиденд) алып отырады. Ал Ислам қаржы жүйесінде осы тектес, адал, Шариғатқа қарсы келмейтін пайда табу көздері бар ма? Егер болса, олар туралы қысқаша мәлімет беріп, ол туралы Интернеттен қалай табу туралы айта кетсеңіз?

Иә, ақшаны исламдық құнды қағаздарға салып, табыс табуға болады. Дәстүрлі құнды қағаздар нарығы тәрізді, исламдық нарықта да мынадай түрлері болады:
1. Акциялар. Акциялардың "қарапайым (обычные)" түріне ақша сала аласыз, ал "артықшылықты (привилегированные)" акцияларға ақша салуға бомлайды, себебі оларға бекітілген пайыздық табыс төленеді. Бірақ, кез келген компанияның акциясын алуға болмайды. Қандайын алуға болатыны туралы жоғарыдағы жауаптардың бірінде тоқталып өттік.
2. Исламдық облигациялар (сукук). Сукуктың дәстүрлі облигациялардан (бондтардан) айырмашылығы сол - сукуктар нақты бір мүліктің кепілдігінде шығарылып, инвостарға төленетін өтемақы Шариғат талаптарына сай төленеді. Сукуктың бірқатар түрлері бар.
Акцияларды сатып алу үшін нарықтағы брокерлік-дилерлің компаниялардың бірімен жұмыс істеу қажет. Ал сукук сатып алу үшін арнайы пайлық инвестициялық қорлардың пайына ақша салу керек. Себебі, жеке тұлға ретінде сукукты сатып ала алмайсыз.
Әлемдік нарықта шариғат талаптарына сай құнды қағаздарды табу қиын емес, барлық басты биржаларда бар. Ал, Қазақстанда жүйелі түрде ондай қызмет көрсететін брокерлік компаниялар жоқтың қасы (әзірше). 

 Жауап берген: 

Едіге Алпысбай
Қазіргі кезде «Amanie Advisors» компаниясының
ТМД бойынша атқарушы директоры

 

Amanie Advisors туралы:

Малайзиялық “Amanie Advisors” консалтингтік компаниясы исламдық қаржы саласы бойынша әлемдегі танымал ұйымдардың бірі. Он мемлекеттік өкілдік офистері орналасқан компанияның ТМД бойынша өкілдігі Астана қаласында 2012-ші жылы ашылды. Исламдық құнды қағаздар шығару, исламдық қаржы ұйымдарын құру бойынша кеңесшілік қызметтер ұсынады. Компания туралы толық ақпаратты www.amanieadvisors.com сайтынан алуға болады.

0 пікір