ЕКІ БӨЛЕК СЫНАҚ
ЕКІ БӨЛЕК СЫНАҚ
3 ай бұрын 3320

Қаржы мәселесінде Хақ Тағаланың маңызды ескертуі мынау:

«Раббың қалағаныңа рызығын мол қып береді, қалағанын тарылтады. Шүбәсіз, Ол құлдарының жайын жақсы біледі. Оларды толық көреді»[1].

Бұлардың екеуі де, яғни баршылық та, жоқшылық та Алланың сынағы. Бұлар құлды не пейішке апарады, не болмаса, - Алла сақтасын – тозаққа апарады. Алланың құлдары ол екеуіне де (баршылық пен жоқшылық) риза болып, құлшылық қылар ма екен, әлде бас көтеріп қарсы шығар ма екен, деген Алла сынағы.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейде жоқшылықты басынан кешірген кездері, яғни үйінде судан өзге ештеңе болмаған кездері де болған. Ал кейде олжаларға қарып болып, Мекке мен Мәдинаның ең дәулетті адамына айналған кездері де болған. Ол екі жағдайда да дүниелік дәулетке көңіл аударған жоқ. Ол (с.а.у.) байлығын Алланың бұйырығы бойынша, пайдаланды және қалай жұмсауды бұйырса солай жұмсады.

Тіршіліктің өзі – адамға бағына қарай берілген нәрсе. Хақ Тағала қалағанына береді, қалағанына бермейді. Ол да баққа қарай. Беруі де, бермеуі де сынақ. Құл екі халде де Жаратушы Иеге разы болуы керек. Берсе, ысырап қылмай шүкіршілік етіп, инфақ жасауы керек, ал егер бермесе, «Сабырлы болғандарды сүйіншіле!» - деген аят-и кәримасын[2] өзіне ұран етіп, сабыр сынағын басынан өткізбек.

Аят-и кәримада:

«Ол күні малың да, балаларың да көмектеспейді. Тек Аллаға сәлим (таза, жамандықтан арылған) жүрекпен келгендер ғана құтылады» - делінген[3].  

Яғни, мал-мүлкін, әйел-балаң бәрі осы дүниеде қалмақ. Сондықтан өмірді түгелімен сол құндылықтарға ғана арнау нәтижеде һәм рухани, һәм материалдық тапшылыққа ұшыратады...


[1] Құран Кәрім: «Исра» сүресі, 30 аят.
[2] Құран Кәрім: «Бақар» сүресі, 153 аят.
[3] Құран Кәрім: «Шұғара» сүресі, 88-89 аяттар.

0 пікір