Күйеуі жақсы көру үшін оқылатын 3 дұға
Күйеуі жақсы көру үшін оқылатын 3 дұға
3 ай бұрын 6327 www.islam.ru/

Әрбір әйел жақсы көрілетін сүйікті жан болғысы келеді. Бірақ, бұл әрдайым мүмкін бола бере ме? Кейде отбасыдан береке қашып, күйеуіңіздің сізге деген көңілі күннен-күнге суып бара жатқандай сезіледі. Бақытты сәттер келмеске кетіп, көңіл күйсіз кезең қара бұлттай отбасы шаңырағына төңіп тұрады. Мұндайда ескі махаббатты қалай қайтаруға болады? Отбасыда сүйіспеншілік пен өзара келісімді қалай жаратуға болады? Бұл жолда, Алла Тағалаға алақан жайып, одан махаббат сұрау – отбасыдағы бұрыңғы берекені қайта қалпына келтіру жолындағы алғашқы әрі маңызды қадам деуге болады. Жүректерді құбылтушы Алла Тағала қаласа күйеуіңіздің жүрегіне сізге деген махаббат, сүйіспеншілік салып қояры сөзсіз. Төменде осы мақсатта оқылатын үш түрлі дұға-тілектерді ұсынып отырмыз.

№1 Дұға:

Хадисші Әбу Дәуід, әл-Хәким және Табаранидің риуаят етулері бойынша, сахаба  Абдулла ибн Масъудқа, Пайғамбарымыз (с.а.у.) мына дұғаны үйреткен:

«Аллаhумма әллиф байна қулюбина, уа аĉли зәтә байнина, уәhдина субуля-с-салями, уә нәжжинә мина-з-зулумәти иля-н-нур. Уә жаннибна-ль-фәуәхиша мә зоһәро минhә уәмә батонә. Уә бәрик ляна фи әсмәъина уә абсоринә уә қулубинә уә Әзуәжинә, уә Зүрриятинә. Уә туб аләйнә! Иннәкә әнтәт-тәууәбур рахим. Уәжъәлнә шәкиринә линиъамик. Мүснинә биһә. Уә қобилиһә! Уә әтиммәһә аләйнә!».

اللَّهُمَّ أَلَّفْ بَيْنَ قُلُوبِنَا ، وَأَصْلِحْ ذَاتَ بَيْنِنَا ، وَاهْدِنَا سُبُلَ السَّلامِ ، وَنَجِّنَا مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ ، وَجَنِّبْنَا الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا ، وَمَا بَطَنَ ، وَبَارِكْ لَنَا فِي أَسْمَاعِنَا ، وَأَبْصَارِنَا ، وَقُلُوبِنَا ، وَأَزْوَاجِنَا ، وَذُرِّيَّاتِنَا ، وَتُبْ عَلَيْنَا إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ ، وَاجْعَلْنَا شَاكِرِينَ لِنِعَمِكَ ، مُثْنِينَ بِهَا وَقَابِلِيهَا وَأَتِمَّهَا عَلَيْنَا

Мағынасы: «Уа, Алла! Біздің жүректерімізді бір-біріне байланыстырып, өзара қарым-қатынасымызды жақсарт. Бізді есендік жолына бастап, қара түнектен жарыққа шығар. Бізді көрнеу және көмес барлық әбестіктерден ұзақтат. Біздің құлақтарымызға,  жанарымызға, жүректерімізге, рухымызға және ұрпақтарымызға береке бер. Біздің тәубемізді қабыл ет. Шынында, Сен тәубелерді қабыл етуші, рахым иесісің. Бізді Сенің нығметтеріңе шүкір етушілерден, хамд-сәнә айтушылардан және қанағатшылдардан еткей. Бізге нығметіңді толықтыр». Әмин!

№2 Дұға:

«Аллаhумма жәммильни фи ъайни зәужий! Уә хәббибний илә қольбиһ! Уәрзуқний зүрриятән солихатән минһ. Аллаһуммә дәъаунәкә, фәстәжиб ләнә кәмә уәъадтәнә! Аллаһумма, ижъәлний нурон бәйнә ъайнәй зәужи!»

اَللَّهُمَّ جَمِّلَنِي فِي عَيْنِ زَوْجِي وَحَبِّبْنِي إِلَى قَلْبِهِ وَارْزُقْنِي ذُرِّيَةً صَالِحَةً مِنِهُ. اَللَّهُمَّ دَعَوْنَاكَ فَاسْتَجِبْ لَنَا كَمَا وَعَدْتَنَا. اَللَّهُمَّ اجْعَلْنِي نُورًا بَيْنَ عَيْنَيْ زَوْجِي

«Уа, Алла Тағала! Мені күйеуімнің назарында әдемі ет. Оның жүрегіне маған деген махаббат салып қой. Одан маған салиқалы перзент сыйла. Уа, Алла Тағала! Саған дұға еттім, Өзің уәдә бергендей дұғамды қабыл ет! Уа, Алла Тағала! Мені күйеуімнің көзінде жарқыраған нұр ет!»

№3 Дұға:

«Аллаhумма, уәффиқ бәйни уә бәйнә зәужи уәжмәъ бәйнәнә ъалә хайрин! Аллаhуммаж-ъальни қуррата ъайнин ли зәужий уәжъалһу қуррата ъайнин лий уә асъиднә маъә баъдинә! Уәжмәъ бәйнәнә ъалә хайрин.  Аллаhуммаж-ъальний ли-зәужий кәмә юхиббу, уәж-ъальһу лий кәмә Ухиббу! Уәж-ъәлнә ләкә кәмә тухиббу! Уарзуқнәз зурриятәс солихатә кәмә нухиббу уә кәмә тухиббу!»

اَللَّهُمَّ وَفِّقْ بَيْنِي وَبَيْنِ زَوْجِي وَاجْمَعْ بَيْنَنَا عَلَى خَيْرٍ. اَللَّهُمَّ اجْعَلْنِي قُرَّةَ عَيْنٍ لِزَوْجِي وَاجْعَلْهُ قُرَّةَ عَيْنٍ لِي وَأَسْعِدْنَا مَعَ بَعْضِنَا وَاجْمَعْ بَيْنَنَا عَلَى خَيْرٍ. اَللَّهُمَّ اجْعَلْنِي لِزَوْجِي  كَمَا يُحِبُّ وَاجْعَلْهُ لِي كَمَا أُحِبُّ وَاجْعَلْنَا لَكَ كَمَا تُحِبُّ. وَارْزُقْنَا الذُّرِّيَةَ الصَّالِحَةَ كَمَا نُحِبُّ وَكَمَا تُحِبُّ

«Уа, Алла Тағалам! Менімен күйеуімнің арасында үйлесімділік жарат. Екеумізді жақсылықта бірлестір. Уа, Алла Тағала! Мені күйеуіме көзайым ет. Оны да маған көзайым ет. Бірімізді, екіншімізбен бақытты ет және бізді жақсылықта бірлестір. Уа, Алла Тағала! Мені күйеуімнің қалауына сай ет, әрі ол да менің қалауыма сай болсын және екеумізді де сенің разы болатындай пенделерден ет! Екеумізге біз разы болатындай және Сен разы болатындай салиқалы перзент сыйла!» Әмин!

 islam.kz

0 пікір