Қырсықтықтан сақтанудың 6 жолы
Қырсықтықтан сақтанудың 6 жолы
7 күн бұрын 1774
Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Қырсықтық – отбасылық өмірде әйел мен ер арасында проблеманың туындауына жиі себеп болатын мінез. Қырсық адамның негізгі проблемасы мына екі нәрсе:

Біріншісі: «Өзінікін дұрыс санайды және соны көрсеткісі келеді» (себебі үнемі өзінікін дұрыс деп ойлайды).

Екіншісі: «Тізгін өз қолында екенін сезінгісі келеді»

Мұндай адамдар үнемі өзінікін дұрыс деп білгендіктен, өздеріне қарсы келген ойдың бәрін жау санайды. Қырсық адамның қырсық мінезінің жауабы сонау бала кезінде жатыр. Бала кезде өз тарапына сыни көзқарастар көбірек айтылғаны себепті белгілі бір ком- плекске кіріп алған. «Басқадан төменсің, кемшілігің көп» сынды ойлар ми-санада сайрап жатады. Нәтижеде, үнемі көпшіліктің назарында жүргенді, өзінікінің дұрыстығын көрсетуге тырысады. Ал өмірде бәрі өз ойлағанындай бола бермейді, сол себепті қырсықтыққа салынады.

Егер мұндай адам өзін танып, кемшілігін көре білмесе, басқаның алдында тәкаппар, әдепсіз боп танылады.

Есте сақтаңыз:

–  Біліңіз, өмірде барлығы біз ойлағандай бола бермейді.

–  Адамның қателікке бой алдырмауы мүмкін емес.

–  Адамның білімі барлық нәрсені қамти алмайды. Мен бәрін білемін деген адам дамудан қалады.

–  Қателігін мойындау адамның қадір-қасиетін арттырмаса, түсірмейді.

–  Қасыңыздағы адамның ой-пікірін, сөйлеген сөзін, жасаған амалын үнемі теріске шығара беру, ол адамды сізден алыстатып жібереді.

–  Қырсық адамның қырсықтығы себепті жолығатын проблемасы – айналасындағы адамдарды қашырып, жалғыз қалуы.

0 пікір