Жұмаққа кіруге сеп болатын 4 іс
Жұмаққа кіруге сеп болатын 4 іс
1 ай бұрын 1431 asylsoz.kz/

Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят етуі бойынша, бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларынан:

– Қайсысың бүгін ораза тұттыңдар? – деп сұрайды.

Әбу Бәкір (р.а.):

– Мен ұстадым, – деп жауап береді.

Содан соң:

– Қайсысың бүгін жаназа намазына қатыстыңдар? – деп сұрайды.

Әбу Бәкір (р.а.) өзінің қатысқанын айтады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы да:

– Қайсысың бүгін міскінді тамақтандырдыңдар? – деп сұрайды.

Әбу Бәкір (р.а.) тағы да «мен», – деп жауап береді.

Содан кейін тағы да:

– Қайсысың бүгін ауру адамның көңілін сұрадыңдар? дегенде Әбу Бәкір (р.а.) тағы да өзін айтады.

Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Адам (осы істерден бөлек) тіпті ешбір игі іс жасамаса да жұмаққа кіреді», – дейді. (Сахих Мүслим, 1028-хадис).

0 пікір