Көл көсір сауап - көңіл сұрауда
Көл көсір сауап - көңіл сұрауда
1 ай бұрын 778
Берікбай Әбдікәрім

Әбу Хурайра (р.һ) дан жеткен ұзынсонар хадисте Аллаһу Тағала былай дейді:

- Уа адам баласы! Сырқаттандым, Менің көңілімді сұрамадың. Сонда Адам баласы:

Сен әлемдердің Раббысысың мен Сенің қалай көңіліңді сұрай алмақпын? деп сұрайды екен. 

Пәленше құлым ауырды, зиярат жасамадың. Соның көңілін сұрағаныңда, Мені оның жанында табар едің» - дейді.  (Мүслим, "Бирр" бөлімі).

Әбу Муса (р.һ), Аллаһ елшісі былай дегенін жеткізеді: «Аурудың көңілін сұраңдар. Аш болғанды тойдырыңдар және тұтқынға түскенді құтқарыңдар!» (Бұхари)

Сәубаннан(р.һ) жеткен хадисте: «Бір мұсылман, сырқат мұсылман бауырының көңілін сұрауға барғанда, қайтқанша ұжымақ хурфәсінің арасында болып саналады.

- Уа Аллаһ елшісі, ұжымақ хурфәсі дегеніміз не нәрсе? – деп сұрағанда, Ол кісі (с.ғ.с);

- Ұжымақтың жемісі»  деді. (Мүслим, Термизи)

Әбу Сағид (р.һ) жеткізген хадисте: «Бір науқастың жанына барған кезде, оған саулық және ұзақ ғұмыр тілеп оны қуантыңдар. Өйткені осылай жасау оның көңілін рахатқа бөлейді» делінген. (Тирмизи, "Тыбб" бөлімі)

Әнәс (р.һ) айтады: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с) айтты: Кімде – кім дәрет алып, дәретін бабымен алып сауап үмітімен науқас мұсылман бауырының көңілін сұрауға барса, тозақ отынан, жетпіс хариф –  жыл  - қашықтығында алыстатылады » деді. (Әбу Дәуіт, "Жаназа" бөлімі)

Ибн Аббас (р.һума) Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дың науқас бір шөл арабының көңілін сұрай келіп, үнемі науқастың көңілін сұраған да айтатыны сықылды, оған да: « Ләә бәсә - шикі ет ауырмаққа - Аллаһ жазса сырқатың күналарыңның өтемі болар» деді. (Бұхари) 

0 пікір