Күлімдеу жайында
Күлімдеу жайында
1 ай бұрын 1096 bilim-all.kz/
«Дін бауырыңның жүзіне күлімсіреуің, сен үшін садақа». 
(Хадис. Имам Тирмизи риуаят еткен).
«Пайғамбарым сияқты үнемі күлімсіреп жүретін адамды көрмедім».
(Сахаба Абдулла ибн Харистің сөзі. Имам Тирмизи риуаят еткен). 
 Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі". Марк Твен

Келеңсіз бір жағдайды, көңілсіз күйді қалай қуанышты халге келтіруге болады?

Мұның оңай жолы бар. Күлімдеуді үйреніңдер және күні бойы күлімдеп жүріңдер. Айнаға қарап күлімдеп, жиі тәжірибе етіңдер. Шынайы, табиғи тұрғыда күлімдеп жүруді үйреніңдер. 

Күлімдеу өздігінен, шынайы болмайынша ешкімге пайдасы тимейді.

Бір кәсіпкер ағамыз: «Күлімдеуді білмейтін адам дүкен ашпасын» дейтін еді.

Күлімдеп жүру жұмыста да, үйде де, сыртта да өмірдің барлық кезеңдерінде өзіңе де, өзгелерге де пайдалы болып табылады.   

Оқуға немесе жұмысқа бару үшін өз қалауыңызбен тұрып, үйден көңілді шыққан күндеріңіз көп болғандығына сенімдімін. Көңіл күйдің жақсы болғандығынан жүзіңізге жарасқан сүйкімді түрде күлімдеп шықтыңыз. Таңертеңгілік уақыттағы бұл күлімдеу рухыңызға шабыт, құлшыныс беруде еді. Егер бүгін немесе алдағы күндердің бірінде қандай да бір себеппен жүзіңіздегі күлімдеу жоғалған болса, қайтадан күлімдеңіз. Осылайша жетістіктің баспалдақтарынан шығу жеңілдей түседі.

Күлімдеген, көңілді күймен жүріңіз және іске сенімділікпен кірісіңіз. Ешкімнің, ешбір себептің қабағыңызды түйдіруіне жол бермеңіз. Тіпті телефонмен сөйлескенде де күлімдеп сөйлесіңіз. Тұтқадағы адам сізді көрмесе де күлімдегеніңізді сезеді, болымды түрде әсерленеді. Осыны әдетке айналдырғаныңызда көп ұзамай адамдармен диалогтарда жүзіңізде жылы, жағымды күлімсіреу орын алатын болады.

Адамдардың көңіліне шаттық ұялататын, жылулық беретін нәрсе – жылы жүз, күлімдеу. Күлімдеу садақа бергендей сауап болып саналатынын да естен шығармау керек.

Күлімдеу – шығынсыз олжа 

Күлімдеу – адам баласына келтіретін ешқандай материалдық шығыны және физикалық қиындығы жоқ дүние. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі. Күлімдеу – ішкі дүниеміздің сыртқа көрініс беруі. Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз. Күлімдеу - оны берген адамды шығынға ұшыратпайтын, алған адамды да байытатын ерекше күшке ие. Күлімдеу аз ғана уақытты алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады. Ешкім күлімдемейтіндей және күлімдеуге мұқтаж болмайтындай дәрежеде бай емес. Күлімдеу үйде бақыт, жұмыста табыс әкеледі. Күлімдеу – өзара құрметтің, сүйіспеншіліктің, адам болудың кілті. Ол шаршағанның мауқымын басады, үмітсізге шаттық пен өмір сыйлайды. Ол сатылмайды, өтінішпен, сұраныспен немесе азаппен келмейді. Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес. 

Күлімдеу - үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.

Күлімдеу - ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.

Күлімдеу - аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.

Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.

Күлімдеу - берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.

Күлімдеу - сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.

Күлімдеу - оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.

Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.

Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.

Күлімдеу - өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.

Күлімдеу - сол сәтті нұрландыру деген сөз.

Күлімдеу - өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.

Күлімдеу - бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.

Күлімдеу - көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.

Күлімдеу - ең арзан және ең қадірлі сыйлық.

Күлімдеу - адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.

Күлімдеу - екі адам арасындағы ең қысқа байланыс. 

Күлімдеу - шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.

0 пікір