Түнде айтылатын дұғалар
Түнде айтылатын дұғалар
11 күн бұрын 1447

عن أبي هريرة رضي ألله عنهُ أنّ رسول الله، صلى الله عليه و سلّم، قال: "يتنزّل ربُّنا تبارَكّ و تعالى كلّ لَيلَةٍ إلى السَّماءِ الدّنْيا، حين يبقَى ثّلث اللّيلِ الآخِرُ، فيقول: "مَنْ يَدعُوني فأَستَجيب لَهُ مَنْ يَسأَلُني فأعْطِيَهُ مَنْ يَستَغْفِرُني فأَغْفِرَ لَهُ"

«Әр түні, түннің үштен бір бөлігінің соңғы бөлігі қалғанда Алла Тағала аспан дүниесіне түсіп: «Кім Менен қажетін сұрайды, оның қажетін берейін. Кім Менен күнәсі жарылқануын тілейді, оны жарылқайын» - дейді». (Бұхари)

عن معاذ بن جبل: قال رسول اللهِ، صلى الله عليه و سلم،: "مَن مِن عبدٍ باتَ على طُهور ثُمَّ تعارّ مِنَ اللّيلِ فَسَأَلَ الله شيْئاً مِنْ أمر الدّنيا، أو مِن أمر الآخرَة، إلاّ أعْطاهُ "

«Қайсыбір пенде дәретпен ұйықтап, кейін түнде ұйқысы қашып Алла Тағаладан дүние немесе ақырет ісінен қажетін сұраса, қажеті өтеледі». (Ибн Мәжә)

«Кімде-кім түнде тұрып: «Алладан басқа Тәңір жоқ! Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Иелік және барлық мақтау тек Оған тән және Оның күші барлық нәрсеге Жетуші! Алла Тағала кемшіліктен пәк. Аллаға мақтау болсын! Алладан басқа Тәңір жоқ! Алла Тағала ұлы! Ең жоғары мәртебеге ие болған Ұлы Алладан басқа күш, қуат және құдірет жоқ!» - деп кейін: «Раббым, күнәларымды жарылқа!» деп дұға етсе, оның күнәлары кешіріледі» Әл-Уәлид: «Дұға етсе, дұғасы қабыл болады. Ал егер тұрып, дәрет алып намаз оқыса, намазы қабыл болады» деген. (Бұхари).

لاَ إِلَـهَ إلاَّ الله وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَـهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ علىَ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ سبحان الله والحمداللهِ ولا إلَـهَ إلاَّ اللهُ واللهُ أَكْبَرُ وَ لا حَولَ و لا قوَّةَ إلاّ بالله الْعلِيِّ العظيمِ

Оқылуы: «Лә иләһа иллаллаһу уахдәһу лә шарикә ләһ. Ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ғалә кулли шәйиң қадир. Субханаллаһи, уәл-хамду лилләһи уә лә иләһә иллал-лаһу уаллаһу акбар уә лә хаулә уә лә қуәтә иллә билләһил-алил-ғазыйм».

Таһажуд сөзі – түнде намаз оқу, яғни, ғибадат жасау мақсатымен түннің бір уағында намазға тұру дегенді білдіреді. Қазақтардың таһажуд намазы, яғни, түнде тұрып оқылатын намаз деген сөзі осыдан туындаған. Таһажуд намазы қиямул-ләйл деп те айтылады. Таһажуд намазын түнде ұйықтап тұрып оқу шарт емес. Шариғат бойынша құптан намазынан соң бамдат намазының уақыты кірерден бұрын кез келген уақытта оқыса да болады.

«Иә, Алла! Өзіңе мақтау болсын! Сен аспан мен жердің нұрысың! Саған мақтау болсын! Сен аспан мен жердегі істерді ретке Келтірушісің! Саған мақтау болсын! Сен аспан мен жердегілердің Раббысың! Сенің Өзің де, уәдең мен сөзің де ақиқат! (Қиямет күні) Сенімен кездесу ақиқат! Жәннәт пен Тозақ ақиқат! Қиямет күні болары да ақиқат! Алла, Өзімді Саған тапсырдым! Өзіңе иман келтіріп, тәуекел еттім! Күнәдан Өзіңе тәубе келтіріп, тәуекел еттім! Сені өзіме үкім Етуші еттім! Алдыңғы және кейінгі құпия немесе жария қылған күнәларымды кешіре көр! Сен менің Тәңірімсің! Сенен басқа Тәңір жоқ!»

«Айша анамыз: «Пайғамбарымыз Мұхаммед түнде намазға тұрғанда намазын осы дұғамен бастар еді», - деген. (Мүслим)

اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ أَنْتَ نُورُ السَّماواتِ و الأرْضِ، ولَكَ الْحَمْدُ أنْتَ قِيامُ السَّماواتِ والأَرضِ، ولك الحمدُ أنتَ رَبُّ السَّماواتِ والأرضِ ومَنْ فِيهِنَّ، أنْتَ الْحقُّ، و وَعْدُكَ الْحَقُّ، و قَوْلُكَ الْحَقُّ، ولِقَاءُك حقٌّ، والْجَنَّةُ حَقٌّ، والنَّارُ حَقٌّ، والسَّاعةُ حَقٌّ. اللَّهمَّ لَكَ أسْلَمْتُ، وَ بِكَ آمَنْتُ، و عَلَيكَ تَوَكَّلْتَ، و إلَيكَ أَنَبْتُ، و بِكَ خاصَمْتُ، و إلَيْكَ حاكَمْتُ، فاغْفِرْ لي ماَ قَدَّمْتُ، و بِكَ أخَّرْتُ و أسْرَرْتُ و أعْلَنْتُ، أنْتَ إِلَهيِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أنْتَ

Оқылуы: «Аллаһуммә! Ләкәл-хамду. Әнтә нуруссәмәуәти уәл-ард. Уә ләкәлхамду. Әнтә қиямус сәмәуәти уәл ард уә ләкәл хамду Әнтә раббус-самауати уәл-ард уә мән фиһиннә, Әнтәл-хаққу, уа уағдукәл-хаққу, уәл-қаулукәл-хаққу, уә лиқа укә хаққ, уәл-жәннәту хаққ, уән-нәру хаққ, уас-сәғату хаққ, Аллаһуммә! Ләкә асләмту, уә бикә әмәнту уә ғаләйкә тәуәккәлту уа иләйкә әнәбту, уә бикә хасамту, уә иләйкә хакәмту, фағфир ли мә қаддамту уә бикә аххарту уә әсрарту уә ағләнту, әнтә иләһи лә иләһә иллә әнт».

0 пікір