Үш нәрсе қателіктердің негізі
Үш нәрсе қателіктердің негізі
7 күн бұрын 1077

 قال بعض الحكماء: أمهات الخطايا ثلاثة اشياء: الحسد , والحرص , والكبر , أما الكبر فكان أصله من ابليس حين تكبر وابي ان يسجد فلعن. وأما الحرص فكان أصله من آدم عليه السلام حيث قيل له: الجنة كلها مباح لك إلا هذه الشجرة! فحمله الحرص على اكلها حتى سقط منها!*والحسد اصله من قابيل بن آدم حين قتل أخاه هابيل, فصار كافرا ومأواه النار أبداً.

Даналардың кейбірі айтады: «Үш нәрсе - қателіктердің анасы. Олар: Көреалмаушылық, ашкөздік (яғни, тойымсыздық) және астамшылық.

Астамшылықтың негізі – Ібілістен туындаған. Алла Тағала оған Адамға сәжде етуін бұйырған кезде, тәкәппарланып сәжде етуден бас тартады, соның нәтижесінде қарғысқа ұшырайды.

Тойымсыздықтың негізі - Адам атаға барып тіреледі. Оған «Пейіштегі барлық нәрсе сен үшін рұқсат, тек мына ағашқа тиіспе» делінсе де тойымсыздықтың жетегінде кетіп, тыйым салынған ағаштың жемісінен жеп, пейіштен шығарылады. (Кейін қателігін түсініп, Аллаға тәубе етеді. Алла тәубесін қабыл етеді).

Көреалмаушылықтың негізі – Адам атаның баласы Қабылдан бастау алады. Ол інісі Һәбілдің (Әбіл) жетістігін қызғанып, жанына қастандық жасайды. Сол ісі үшін кәпір болып, тозақтан орын алады»[1]. 


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: Тәнбиһуль ғафилун. 163 бет.

 islam.kz 
0 пікір