Талантын жерлеген жүзгіш (оқиға)
Талантын жерлеген жүзгіш (оқиға)
15 күн бұрын 1220 elarna.net/
Бекен Қайратұлы

1976 жылдың қоңыз күзі. Нақтырақ айтсақ, қіркүйек айының 16-шы жұлдызы. Сол жылы Ереван қаласына күздің ызғары ерте түсті. Жылдағыдай қыркүйек айында тамылжып тұратын, жаймашуәқ биыл жоқ. Қаланың сұрғылт көшесіне көктегі жұмсақ бұлт құлап түскен бе дерсіз, қаптай жайылғән бозғылт тұманның арасынан қала көліктері әупірімдеп жол тауып асықпай жылжиды…

Қаланың оң жақ бөктерін қиғаштай қоршап үлкен дамба салынған. Ол көктемде нөпір тасқынмен орай ағатын Аракс және Ереван өзендерінің жал-жал толқындарынан шаһарды қорғайды. Дамбаның күрт иілген иір-қолтық қолатына бұққан судың бетіне қабыршықтанып, мұз қаймақ түскен. Дамба маңына қала тұрғындары келе бермейді. Өйткені, мұнда өзен арқылы қаланың қоқыс-қалдықтары құйылатын. Үнемі күлімсі иіс аңқып тұрады.

Бырақ… ел көп жүрмеитін дамбаны бойлап жалғыз адам жүгіріп бара жатты. Оның күндегі әдеті осы. Үстінде матасы қалың спорт көстюмі. Аршындап алға ұмтылады. Қарсы алдынан сызыла соққан ызғарға тершіген маңдайын сүйгізіп, еті қызған тұлпардай қос танауынан ыстық демі атқылап ор қояндай орғиды…

Бұл адам – 1953 жылы туған, жүзуден әлемнің 17 дүркін чемпионі, әлем рекордын 11 рет жаңартқан, сондай-ақ еуропаның 13 дүркін жеңімпазы, КСРО кубогі мен біріншіліктерінде алдына жан салмаған атақты спортшы – Шаварш Карапетян болатын. Карапетянды күллі әлем жұрты білетін. Ол бағындырмаған биік қалмаған. Бірәқ мына ғаламда ол да бағындыра алмайтын биіктер де бар екен…

Армян жұртының мақтанышы Шаварш дамбаны бойлап шапқылып келеді. Кенет арқа тұсынан күрс еткен қатты дыбыс шықты. Карапетян жалт бұрылып артына қарады. Құдай сақтасын! Дамбаның темір қорғаныс жиегіне троллеибус соғылған екен. Ол, ол ма, ішінде лық толы жолаушысы бар, алып машина аспақталған жібін үзіп терең суға қарай құлап барады. Өкірген, бақырған адамдардың жанайқайы спортшының құлағына келіп жетті. Өмір мен өлім арасындағы арпалас… көз алдында өтіп жатыр.

Қысқасы, таңнан тұрып әдеттегідей алаңсыз күнделікті жұмысына кетіп бара жатқан кінәсіз жандар ажал апанына қарай құлдилап барады. Әп-сәтте 10 метр терең ойма суға адам толы троллеибус түмсығымен шаншылып түсті де, көзді ашып-жұмғанша зу етіп батып кетті. Судың бетінде кәрі кемпірдің әжіміндей айғыздалған із қалды. Ары-беріден соң ол да жоғалды.

Оқиғаны көзімен көріп тұрған Карапетян бір секунд та ойланып тұрмады, үстіндегі су тартатын мата көстюмін лақтырып тастап, суық суға бір-ақ ырғыды. Лай судан түк көрінбеиді әрі су түбіне соғылған машинаның екпінінен шөгінді қоқыс қопарылып су асты әлем-тапырық. Карапетян жанұшырып сүңгіп келеді. Троллеибустың артқы терезесін тапты. Бір теуіп оны сындырды. Көзге түркісіз қараңғы лайдың арасынан қолына ілінген бір адамды сүйреп су бетіне шығарды. Есінен танып қалған беибақты, жағадағы дамбаға сүйрей салып қайта сүңгіді. Тағы бір адамды алып шықты… осылай құтқару ісі жалғаса берді.

Батпақты судың астында, он метр тереңде, өлім мен өмір үшін арпалысқан қан майдан… осыны көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Суға батқан 92 жолаушының тағдыры. Бұл оқиға жайлі кезінде барлық гәзет-журналдар жазды. Дүниежүзі таң қалды. Карапетян жанкешті ерлігінің арқасында 20 адамның өмірі сақталды. Өкініштісі бұл 20 адам тірі қалғандары, әйтпегенде  құтқарғандарының ішінен су бетіне жансыз шыққандары қаншама.

Шаварш осылай арпалысып жатқан да, жағаға жиналған жұрт спортшының денесінің қып-қызыл қанға бөккенін көріп тұрды. Ол әрбір сүңгіген сайын сынған әйнектің жарықшақтары оның денесіне жарақат салып отырды. 20 минуттан астам мұздай судың астында арпалысу мың жерден әлем чемпионы болсаң да оңай емес. Одан әріге шаварштың шамасы жетпеді. Өзі құлап түсті. Аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің Карапетянға қойған диягнозы: екі өкпесінен қатар суық тиген және өте күрделі түрде. Сондай-ақ кешікпей қанына қәтерлі у өтіп кеткені анықталды. Ол жанталасып жүріп дамбаның лай суына төгілген қоқыстардан тараған улы вирустарға тап болған.

Спортшының өмірін құтқарып қалу үшін одақтың білімді дәрігерлері ат салысты.  Ақырында құтқарып қалды. Бірәқ бұдан былай оған спортпен айналысу жәйлі сөз болған жоқ. Дәрігерлер Карапетянға мүгедектігі туралы анықтаманы қолына ұстатып ауруханадан шығарды. Көптеген басылымдар "Карапетян теңдессіз талантын Ереванның лай суына тұншықтырды" деп жазып жатты. Бұрын-соңды теңдессіз атақ-даңққа бөленіп тұрған сәтінде спортты тастап кету тарихта болмаған оқиға. Бірәқ ешкімде мына оқиғадан кейін Карапетянға «спортты неге тастап кеттің?» деп айта алмады, айта алмайды да.

Осылай талантын жерлеген атақты спортшы бір күнде мүгедектің зеинетақысына қарап қалды. Бірәқ, тумысы қажырлы жігіт мәскеуге келіп, аяқ киім жөндейтін шеберхана ашып жаңа кәсіпке кірісті. Арада біршама уақыт өтіп, оқиғаның ісік-желігі басылған соң Карапетян Шаварш жоғарыдағы оқиға жәйлі еске ала отырып, менің спорттық дайындығым мың жерден өте жоғары деңгейде болғанымен, белгілі бір уақыттан артық төтеп бере алмасымды суға алғаш түскенде-ақ білдім. Бір рет лайдың арасынан сипалап жүріп, қолыма ілінген жұмсақ затты сүйреп шықтым. Ол трөллеибустің артқы орындығының көпшігі екен. Қандай өкінішті менің бір қателігім бір адамның өміріне татыды. Егер  қәтелеспегенімде тағы бір адамдың өмірін құтқарар едім. Қатты өкінгендіктен болар, әлі күнге дейін жұмсақ көпшік түсіме кіреді, депті.

Осы орайда, аталмыш оқиғаны біз кездейсоқтық деп ойлаймыз. Кезінде барлық газеттер солай деп жазды. Бірәқ Карапетян бұны кездейсоқтық деп ойламайды екен. Ашығын айтқанда бұл жігіт спортқа әбден тойып-тойынып, бағындыратын биік қалмаған соң Құдайдан «енді менімен жарыстыратын нең бар, оны да еңсерем» деп күпірлікпен асып-тасып сұраған едім деп, мойындайды. Ал, құдайдың жібергені жоғарыдағы сынақ болды.

Қазір Карапетян Шаварш аман-есен жүріп жатыр. 2007 жылдан бастап спортшының атында бүкіл ресейлік турнир өтетін болған.

«Қазақ спорты» газетінен

0 пікір