06.09.2018 8638 Ойтамшы
Орамал дауы

Орамал тағу діни парыз. Бұған теологиялық тұрғыдан ешкімнің таласы жоқ. Кімдерге? Балиғат жасына (14 жас) жеткен қыздарға. Ендеше, әлі балиғат жасына жетпеген кішкентай бүлдіршіндерге орамал тақтырып қоғамды дүрліктіру дұрыс емес. Ал балиғат жасындағы діни міндетті атқарғысы келетін қыздарымызды не істейміз? Олардың діни нанымын қайтеміз? Мәжбүрлеп шештіреміз бе? Әлде жоғарғы сынып оқушыларына рұқсат беріп, жастарына сай жарасымды етіп, арнайы киім үлгісін бекітеміз бе?

Қай жолды таңдаймыз? Жоғарғы оқу орнында оқитындарға рұқсат беріп, мектептегі жоғарғы сыныптағыларға тыйым салуымызға құқықтық қандай негіз бар? Бірыңғай форма негіз бола алады ма? Ата заңдағы наным сенім бостандығын қайда тығамыз? Орамал таға алмағаны үшін шетелге оқытуға қыздарын жіберіп жатқандар бар. Осында қалып билікке ренжіп жүргендер қаншама? Мұның дұрыс шешімі қайсы? Ауғанстанға ұқсамаудың жолы балиғат жасындағы қыздарымыздың орамал тағып- тақпауында болмаса керек. Мәселе санада! Дұрыс діни білімде.

Орамал мәселесі әлі талай алдымыздан шығып, әлі талай басымызды ауыртатыны сөзсіз.

1 пікір
  • Біздің мектепте мектеп болып екі қыздың орамалдарын шешкіздіріп тастады.Ал "қысқа" киетін қыздарды еш жөндей алмады.Бірегей форманы киіп жүргендер сирек.
    1 ай бұрын