Мейіржан Сандыбай
«ИТ» қысқа метрлі мультипликациялық фильмі
3 ай бұрын 1456

«ИТ» қысқа метрлі мультипликациялық фильмі 

Соңғы жылдары қазақ мультипликация өнерінің қоржынына біршама салмақты шығармалар келіп қосылды. Солардың бірі жас режиссер Мейіржан Сандыбайдың жетекшілігімен «ARA studios» студиясының «Ит» атты қысқа метрлі мультфильмі. Аталмыш туынды ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде қысқа метрлі фильмдерінің арасында «Бас жүлдені» иеленді.

Аталмыш туындының қозғаған тақырыбының өзектілігі соншалық, елімізде белең алған түрлі қорқынышты жағдайлардың көрінісін әшкерелеп, адами қасиеттен, адами санадан қаншалықты алыстап бара жатқанымызды қозғалмалы сурет арқылы көрсете отырып, ауыр сынға алды.

Отандық мультипликация өнерінің деңгейін көтеретін осындай мағыналы фильмдердің жарыққа шығуы көңіл қуантады.      

ARA studios youtube.com каналы.

Инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/ara.studios/

 

0 пікір