2023 жылға қарай халал өнімдер нарығы қалай өзгереді
2023 жылға қарай халал өнімдер нарығы қалай өзгереді
1 ай бұрын 437 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018/19 жылдарға арналған әлемдік ислами экономика турасындағы есепте айтылғандай, 2018 жылдың бас кезінде әлемде 1,8 млрд-қа тарта мұсылман болған, 2060 жылға қарай мұсылмандар қарасы 70%-ға артып, 3 млрд адамға жетпек. Осыған орай жаһандық халал индустриясының нарығы 2023 ылға қарай болжам бойынша 3 трлн долларға артады. Бұл жайында қазақстандық Energyprom.kz талдау қызметі мәлім етті. Шариғат талаптарына сай әзірленген тағам өнімдерінің нарығы 2017 жылы 1,3 трлн долларды құраған, ал бұл көрсеткіш 2023 жылы 1,9 трлн долларға жетпек, Яғни, 6,1%-ға артады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, халал өнімдерді ең көп тұтынатын елдер арасында мұсылмандар тығыз шоғырланған Индонезия көш бастап тұр - соңғы мәліметке үңілсеңіз, аталған елдегі халал нарығынан 170 млрд доллар пайда көрген. Шариғат талаптарына сай өнімдерді өндіру және тұтыну бойынша алғашқы үштікке, сондай-ақ, Түркия (127 млрд доллар) мен Пәкістан (118 млрд доллар) кірген. Аалғашқы бестік құрамындағы (халал өнімдер нарығы бойынша) Мысырда бұл көрсеткіш - 86 млрд доллар, ал Бангладеш (76 млрд. доллар).

0 пікір
Мұрағат