Әлемдегі ең үлкен диаспора
Әлемдегі ең үлкен диаспора
26 күн бұрын 416 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының жарияланған баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, биыл, яғни, 2019 жылы әлемде ең ірі диаспораға үнді диаспорасын жатқызған – 17,5 млн адам. Ал екінші орында мексикалық диаспора тұр – 11,8 млн адам. Үшінші орынға қытай диаспорасы жайғасқан – 10,5 млн адам. Үндістанның «Джагран» ақпарат агенттігінің таратқан хабары мен келтірген мәліметі бойынша Үндістан биыл 5,1 млн мигрантты қабылдаған. Яғни, аталған елдегі мигранттар қарасы жалпы үнді халқының санына шаққанда 0,4%-ды құраған. Ал Үндастаннан пана іздеп келген босқындар саны 207 мың адамға жеткен. Аталған елдегі босқындардың дені көрші жатқан елдерден, атап айтқанда, Бангладештен, Пәкістаннан және Непалдан келген. Үнді диаспорасы Парсы шығанағы елдерінде мол шоғырланған - 9 млн адам. Олардың дені мұнайға бай араб елдерінен нәпақасын айырып жүр. 

0 пікір
Мұрағат