Әр 2 сағат сайын 6 шарана шетінейтін ел
Әр 2 сағат сайын 6 шарана шетінейтін ел
3 ай бұрын 439 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Йеменде қарулы қақтығыстың салдарынан әр екі сағат сайын 6 шарана шетінеп, 1 ана көз жұмады. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балалар құқығын қорғаумен айналысатын ЮНИСЕФ қоры мәлім етті. Аталмыш қордың келтірген дерегіне қарағанда, Йемен соғыстың кесірінен Таяу Шығыс аймағындағы ең кедей елге айналып, медициналық жәрдем қызметі жұмысын тоқтатудың алдында тұр. Осыған байланысты айы-күні жеткен аяғы ауыр әйелдердің дені үйде босануға мәжбүр. Аталған елде медициналық мекемелердің қазіргі уақытта тек 51 пайызы ғана жұмыс істейді. Дәрі-дәрмек тапшы, медициналық құрал-жабдық жетіспейді, дәрігерлер қарасы сиреп кеткен. 

0 пікір
Мұрағат