Бала туғаннан кейін әкелерге еңбек демалысы беріледі
Бала туғаннан кейін әкелерге еңбек демалысы беріледі
4 күн бұрын 435 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швейцария федералды жиналысының ұлттық кеңесі жаңа туған нәрестені күтуі үшін әкелерге екі апта еңбек демалысын беруді жақтап, дауыс берді. Бұл жайында RTS ақпарат көзі хабар таратты. Бұрын еуропарламенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Еуропарламент пен ЕО кеңесі ЕО-ға мүше елдердегі перзент сүйген әкелерге нәрестені күтуі үшін кем дегенде он күн еңбек демалысын беру туралы Еурокомиссия ұсынған мақұлдаған еді. Осыған байланысты ЕО құрамындағы елдердің көбісінде бұл бастама қолдау тауып, заңдастырылған болатын. Десе де ЕО құрамындағы әкелерге берілетін еңбек демалысының мерзімі әрқалай. Әдетте жас әке бала туған кезде бір күнге ғана мұрсат берілетін. Аталмыш ел қабылдаған жаңа ережеге сәйкес әкелер бала тууға байланысты еңбек демалысын нәресте алты айға толғанша қалаған уақытында, бөліп немесе тұтас алады. Әкелердің бала тууға байланысты еңбек демалысына шығуына байланысты жылына шамамен 230 млн франк шығындалуына тура келеді. Мемлекет. Жәрдемақы төлеу үшін. Швейцарияда жәрдемақының максималды мөлшері күніне 196 франкті құрайды. Осы арады ескерте кетейік, швейцардың ұлттық валютасының бағамы АҚШ долларының бағамымен шамалас.

0 пікір
Мұрағат