Бір ғана ел тұрғындарының жартысынан астамы артық салмақтан зардап шегеді
Бір ғана ел тұрғындарының жартысынан астамы артық салмақтан зардап шегеді
11 күн бұрын 251 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының 6о пайызы артық салмақтан зардап шегеді. Яғни, аталған араб елінің 10 тұрғынын шаққанда алты адам семіздік індетіне шалдыққан. Бұл жайында Oman Insurance Company компаниясының зерттеу нәтижесінде айтылған. Аталмыш елде, әсіресе, әйелдерге қарағанда артық салмақтан зардап шегетін ер-азаматтардың қарасы көп болып отыр. Ал бұл елдегі семіздік індетіне шалддыққандар арасында ұлтына қарай жіктейтін болсақ, пәкістандықтар саны көп - 70%. Одан орынға үнділер жайғасқан - 66%, үшінші орынға филиппиндіктер табан тіреген - 54%. Семіздік індеті етек алуына байланысты аталған елде, сондай-ақ, артық салмақтан пайда болатын сусамыр секілді емі қиын сырқаттар қарасы көп. Сарапшылардың болжамы бойынша 2025 жылға қарай артық салмақтан зардап шегетін 20 жасқа дейінгілер қарасы 15%-ға артады. 

0 пікір
Мұрағат