Экономикасын ислами экономикаға айналдыруға күш салып жатқан ел
Экономикасын ислами экономикаға айналдыруға күш салып жатқан ел
3 ай бұрын 473 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезия билігі 2019−2024 жылдар аралығында «ислами экономиканы» енгізу жөніндегі жоспар-жобасын сызуға кірісті. Яғни, 2024 жылы «халал» тауарларды брендке айналдырып, шариғат талаптарына сай әлемдегі ең ірі тауар өндіруші ел атануды алдына мақсат етіп қойды. Бұл жайында Antaranews ақпарат көзі хабар таратты.  Әлемдегі мұсылман саны ең көп Индонезия халал азық-түлікті ең көп тұтынушы ел екенін де айта кеткен жөн. Естеріңізге сала кетсек, Индонезия президенті Джоко Видодо елде халал индустриясын дамыту мақсатында Жакарта қаласында «Халал парк» ашқан болатын. Ол жерден «халал» маркасы бойынша іздеген барлық затыңызда табасыз: азық-түлік, киім-кешек, опа-далап, сусын түрлері, т.б.

0 пікір
Мұрағат