"Экстремизм" ұғымы қайта қарастырылады
"Экстремизм" ұғымы қайта қарастырылады
28 күн бұрын 167 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ертең, яғни, қазан айының 16-сы күні өтетін Ресей Федерациясының Адам құқығы жөніндегі кеңес пен президент жанындағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес комиссиясының бірлескен мәжілісінде заңнамаға енгізілетін бірқатар түзетулер қарастырылады. Соның ішінде, жалпылама сипаты басым "экстремизм" ұғымы нақтыланатын болады. Орыстардың «Известия» мерзімді басылымы таратқан хабарға қарағанда, құқық қорғаушылар "экстремистік әрекет" ұғымына нақты анықтама беруді әрі миссионерлік туралы норманы анық та қанық түсіндіруді көздеп отыр. Осылайша 2016 жылы қабылданған заңнамалар жетілдірілмек. Аталған мерзімде терроризм мен экстремизм үшін берілетін жаза қатаңдатылған болатын. Бұл түзету діни қызметті реттейтін нормаға да қатысты болатын. Жасыратыны жоқ, қазір қит етсе, тисе - терекке, тимесе - бұтаққа деп, қия басқандарды да экстермистердің қатарына оп-оңай жатқыза салатын болды. Ең сорақысы, экстремизмге қарсы заңды жамылған немесе желеу еткендер оны өз мүддесіне жаратып, кек алудың құралына айналдырып алды. Ресей аумағында ертең өтетін мәжіліс "азаматтардың құқығы мен бостандығына, соның ішінде ар-намыс бостандығына конституцияға қайшы, негізсіз шектеулер" алынып тасталады. 

0 пікір
Мұрағат