Енді интернетке адамның жүзін тану жүйесі арқылы кіретін боласың
Енді интернетке адамның жүзін тану жүйесі арқылы кіретін боласың
6 күн бұрын 418 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Онсыз да коммунистік авторитарлы режимнің қатаң бақылауындағы интернетке кіру бұдан былай адамның жүзін тану жүйесі арқылы жүзеге аспақ. Осылайша қытай билігі адамның жүзін тану жүйесін интернетке де енгізіп жатыр. Яғни, аталған елде интернетке адамның жүзін тану жүйесіндегі тестен өткендер ғана кіре алады. Бүгінгі таңда Қытайда интернетке кіру үшін жеке бас куәлігін көрсетуі керек. Мұндай жағдайда біреудің жеке куәлігін өзге біреу пайдаланып кетуі мүмкін немесе жасанды құжат арқылы интернетке кіру қаупі жоғары болғандықтан қытай билігі осы заманғы технологияның көмегіне жүгінбек. Бұл бастама осы жылдың желтоқсан айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Бұл бастама, яғни, адамның бет-бейнесі өз кезегінде метроға немесе пойызға билет орнына жүреді. Яғни , арнайы билет алып жатпайды, биометрикалық деректі пайдалана отырып жолақысын төлей алады. Дәлірегі, метро немесе перронның кіреберісінде адамның жүзін тану жүйесі орнатылады. Мұндай инфрақұрылым байланыстың бесінші буыны 5G технологиясы арқасында жүзеге асуда.

0 пікір
Мұрағат