Еркектердің тоқал алуын шешетін қазы әйел (фото)
Еркектердің тоқал алуын шешетін қазы әйел (фото)
4 ай бұрын 4651 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзияда фиқһ бойынша білім алған Ненни Шушайда есімді әйел көп әйел алу мәселесіне қатысты істерді қарайды. Аталмыш мұсылман елінде ер-азаматтарға 4 әйел алуға дейін билік тарапынан ресми рұқсат етілген. Жыл сайын 1000-нан аса ер-азамат тоқал алуға рұқсат сұрап, өтініш береді екен. 2016 жылдан бастап сотта істеп тәжірибе жинақтаған ол көбінесе отбасындағы кикілжіңді, ұрыс-керіс пен талас-тартысқа төрелік айтып келеді. Еркектер мәселесін шешуді әйел адамның билігіне беруді әділетті қадам санайтын қоғамда бәйбішелердің 90 пайызы күйеуінің тоқал алуға келісімін беретінін жеткізді. Алайда, олардың тек 60%-ның тілегін қанағаттандырмайды – бір ғана себеппен: бірнеше отбасын асырауға күйеудің әл-ауқаты көтере бермейді. Десе де Малайзия заңнамасында бәйбішесінің денсаулығы нашар болса немесе бала көтере алмаса, тоқал алуға рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, күйеуі төсек қатынасында әйелінен тоят алмаса да тоқал алуына рұқсат берілген. Десе де күйеуі екі отбасын асырауға шамасы келе ме немесе келмей ме, алдымен осы жағына қарап шешім шығарады. Бір қызығы, қазы әйел өзінің күйеуі тоқал алуға ниет білдірсе, бұған төзбейтінін жеткізген.

0 пікір
Мұрағат