Иран аралас некеден туғандарға азаматтық беретін болды
|

Иранның конституцияны қорғау жөніндегі кеңесі шетелдікпен тұрмыс құрған ирандықтардың балаларына азаматтық беруді қарастыратын, Иран парлменті қабылдаған заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында Twitter әлеуметтік желісінде заң жобаларының конституция мен шариғатқа сәйкестігін тексеретін аталмыш органның өкілі Әлі Аббас Кодһодаи мәлім етті. Аталмыш заңда тек шетелдік мұсылмандармен тұрмыс құрғандардан туған балаларға ғана азаматтық беру ұйғарылған. Басқа наным-сенімдегілермен тұрмыс құрған ирандықтардың балаларына азаматтық берілмейді. Бұдан бөлек, шетелдікпен тұрмыс құрғысы келетін ирандық азамат шетелдікпен некелесуі үшін биліктен алдын ала рұқсат алуы тиіс.
Көп оқылғандар

■
Қай елдерде жүктілік кезінде ажырасуға тыйым салынған?

■
AI ғимараттардың температурасын 20 ° C төмендететін жабынды жасады: бұл материал кондиционерлерге жұмсалатын шығынды едәуір қысқартады

■
Физиктер адам басынан жарықты өткізудің жолын тапты

■
Әлемде алғаш рет зымыран ататын робот ит Түркияда пайда болды (видео)

■
Робот өзінің қуаты таусылып бара жатқан батареясын өзі ауыстыруды үйреніп, тоқтаусыз жұмыс істейтін деңгейге жетті (видео)