Жер халқы бір жылда қанша млн адамға артты
Жер халқы бір жылда қанша млн адамға артты
2 ай бұрын 398

Жер халқы бір жылда шамамен 83 млн адамға артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Коммерсант сайтына сілтеме жасап. 

«Жер халқы» (DSW) неміс қорынан хабарлағандай, Жер халқы бір жылда шамамен 83 млн адамға артты және бүгінде 7,635 млрд адамнан асып жығылды.

«Бүгінде Африка халқының саны өте жылдам артуда. Сарапшылардың болжамы бойынша, аталған құрлықтағы халық саны 2050 жылға қарай бүгінгі 1,3 млрд-тен 2,5 млрд адамға дейін көбейеді», - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, аталған құрлықтаға халық санының арту себептердің бірі қалаусыз жүктілік және отбасын алдын ала жоспарлау мүмкіндігінің болмауы.

Бұған дейін БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша болжау департаментінен хабарлағандай, 2050 жылға қарай Жер халқының үштен екі бөлігі қалаларда тұратын болады.

0 пікір
Мұрағат