|
Жұлдыздар Құран оқудан жарысқа түсуде
|
Қырғыз эстрадасының жұлдыздары қасиетті Құранды оқудан жарысуда. Бұл эстафетаны елге танымал әнші бастап берді. Турдакун Ниязалиев есімді әнші Құран оқығанын таспаға тартып алып, Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасына жүктепті. Келесі кезекті басқа әншіге берген. Бұл жайында «Спутник» ақпарат көзі хабар таратты. «Мен эстафетаны бастама көтеріп, әншілер арасында осы жарысты ұйымдастырған Талант Канатбекуулудан қабылдап алдым. Әрине, бұл Құран оқуға деген ынтамызды оятып, бізге шабыт сыйлады. Енді мен эстафетаны Омар Жанышевқа табыстаймын»,- деп жазыпты Турдакун Ниязалиев өзінің Facebook парақшасында. Сондай-ақ, ол өздерін сөгіп, сөз етпеуін сұраған екен, өйткені, олар қари еместігін ескерткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде дарвиндік эволюция белгілеріне ие болатын кезге жақын қалды
■
Жарғанатқа маса арқылы екпе салудың жолы табылды
■
Иран халықаралық сауда жолына қожайындық мәртебесін бекіте түсетін тағы бір қадамға бармақ
■
Қарбалас өмір қатері: уақыт жетіспеушілігі қауіпті ауруға ұрындыруы мүмкін
■
Екі жарым жыл ішінде мың шаршы шақырымға тарта жерді басып алған ел аталды