Жүргізуші куәлігінен өз еркімен бас тартқан қарттарға қандай жеңілдік қарастырылған
Жүргізуші куәлігінен өз еркімен бас тартқан қарттарға қандай жеңілдік қарастырылған
5 ай бұрын 513 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Отүстік Кореяның Тэжон қаласында жасы 65-тен асып кеткендердің арасынан өз еркімен жүргізуші куәлігінен бас тартқандарға жеңілдік қарастырылып отыр. Яғни, оларға ғұмырының соңына дейін қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын береді. Бұл жайында Yonhap News ақпарат көзі аталмыш Тэжон қалалық кеңесінің шешіміне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұл шешім биылдан бастап, дәлірегі, қыркүйек айында орындала бастайды. Бұдан бөлек, өз еркімен жүргізуші куәлігінен бас тартқан қарияларға 100 мың воннан беріледі. Аталмыш қала билігінің мұндай қадамға баруына жылдан жылға қарттардың кесірінен жол-көлік апатының жиілеп кетуі себеп болған. Көзінің көру қабілеті төмендеп, қолы қалтырайтын, көлік жүргіземін деп тез шаршайтын қарттар әдетте жазатайым оқиғаға себеп болып жатады. Оңтүстік Кореяда 2017 жылы жасы 65-тен асып кеткендер арасында 71 115 адам жүргізуші куәлігіне ие болған екен. 2015 жылы таңғы шық елінде қарттардың кесірінен 545 жол-көлік апаты орын алса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 688-ге жеткен, ал 2017 жылы 817-ге артқан. Тэжон қалалық кеңесінің өкілдерінің жорамалдауынша, биыл 500-ге тарта қарт өз еркімен жүргізуші куәлігіне бас тартуы мүмкін. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 1000-ға жетуі ықтимал, 2021 жылы - 2000, 2022 жылы - 3000. 

0 пікір
Мұрағат