Мешітте жамағатқа екпе салынады
Мешітте жамағатқа екпе салынады
10 күн бұрын 662 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясына қарасты Новосібір қаласындағы екі мешітте жамағатқа менингокок инфекциясына қарсы екпе салынады. Дәлірегі, аталған қаланың Красина және Мир көшелерінің бойында орын тепкен мешіттердің жанынан екпе егу пунктері ашылған. Бұл бастама Новосібір облысының дансаулық сақтау министрілігінде және Роспортребнадзор басқармасында көтерілген болатын. Мұндай шараға мешітке келіп жүрген балалар арасында аталмыш дерке шалдыққандар анықталған соң барып отыр. Мешіт адам көп жиналатын орын болғандықтан түрлі ауру жұқтыру қатері жоғары. Десе де мұны діни себептерге байланысты екпеден бас тартқандарды екпе алуға мәжбүрлеу шарасы деп түсінбеген ләзім. 

0 пікір
Мұрағат