Мұсылмандарды лагермен қорқыту...
Мұсылмандарды лагермен қорқыту...
11 күн бұрын 380 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ұйғырлар мекен ететін Синьцзян аймағындағы күштік құрылымдарға жұмсалатын шығынды көбейткен, өткен жылы. Нақтырақ айтқанда, Синьцзяндағы күштік құрылымдарға жұмсалатын шығын мөлшері, соның ішінде, лагерлер мен түрмелер салуға кеткені бар, басқасы бар, өткен жылы 213%-ға артып кеткен. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі Jamestown Foundation келтірген мәліметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Қытай билігі ағарту орталықтарын салып жатқанын мәлімдегенімен, неміс зерттеушісі Адриан Зенц аталған елдің бюджетін талдай келе Синьцзяндағы білім беруге жұмсалатын шығынның өткен жылы 7%-ға кеміп кеткенін алға тартып отыр. Қытай билігі әлем қауымдастығын алдап отыр ма? Шындап келгенде, процессуалды негізсіз жүз мыңдаған мұсылманды қатаң режимдегі қайта тәрбиелеу мекемелеріне қамап тастағаны туралы ақпарат әлемді шарлап кетсе де мұсылмандарға қарсы репрессиялық саясат ұстанған Қытай билігі экстремизмді желеу етіп, айылын да жиған жоқ. Бұдан бөлек, құқық қорғаушылар Синьцзяндағы мемлекеттік сатып алуға да назар аударған. Соңғы жылы жергілікті билік электрошокерді, шоқпарды, кісенді молынан сатып алған. 

0 пікір
Мұрағат