Шенеуніктерге "эксперимент" жүргізген бастық...
Шенеуніктерге "эксперимент" жүргізген бастық...
3 ай бұрын 856 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында Мексиканың Чихуахуа провинциясына қарасты Куатемок қаласының басшысының тосын әрекеті туралы ақпарат пайда болды. Аталған қала басшысы Карлос Тен ежелгі араб билеушілерінің әдісіне салып, үйсіз-күйсіз қаңғыбас кемтар жанның кейпіне еніп, қоластындағы шенеуніктердің қалай жұмыс істейтінін, халыққа қандай қатынас жасайтынын өз көзімен тексеріп көрмек болған екен. Мүгедек арбасына отырып, екі ай бойы қоластындағы қызметкерлерге тәжірибе жүргізген. Қоластындағылардың қалай жұмыс істейтінін, халыққа қалай қарайтынын көргеннен кейін қала басшысының түңілісінде шек болған жоқ. Өзін адам санатына қоспай кемсіткенін, көзге ілмегенін, тіпті, кеңседен қуып шыққанын артынан тілшілерге жайып салды. Ол алдымен азық-түлік түрінде көмек алуға өтініш беру үшін әлеуметтік даму басқармасына бас сұққан екен. Сөз орайы келгенде айта кетейік, аталған елде жағдайы жоқ, тұрмысы төмен, иіні жүдеу азаматтарға арналған әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасына сай жоғарыда аталған санаттағы әлеуметтік топтар мемлекет тарапынан жәрдем алуға құқылы. Әлеуметтік даму басқармасындағылар алдына келген қала тұрғындарының арыз-шағымы мен талап-тілегіне немқұрайды қарайтынына көз жеткізген. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жанның кейпіне енген оған тиісті көмек көрсетілмеген. Ешқайсысы оның құжатын рәсімдеуге көмек көрсетпеген. Бұл басқармадан түңіліп шыққан ол келесі кезекте өзінің әкімшілігіне кірген екен. Ұзақ уақыт бойы ол ішке кіре алмай пұшайман болды. Өйткені, мүгедектік арбаға арналған лифтінің кілті табылмай қалған еді. Жұмыс күні бұл лифтінің жабық тұрғаны да "қаңғыбастың" ашуын келтірген. Өзін танымаған "қоластындағылар" одан құтылғанша асық болғанын қайтерсің. Ол ол ма, су да ұсынбаған. "Осы сәтте менің ызаға міндім. Мемлекеттен жалақы алып отырған олар азаматтарға нашар қарайтыны ашуландырды",- деді артынан Milenio телеарнасына сұхбат берген қала басшысы. 

0 пікір
Мұрағат