Священниктердің тапшылығына Жаратқанның заңына қайшы ант-су ішілетін ежелгі ереже «кінәлі»...
Священниктердің тапшылығына Жаратқанның заңына қайшы ант-су ішілетін ежелгі ереже «кінәлі»...
5 ай бұрын 1489 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Экс-понтифик те, Рим Папасы да священниктердің отбасына құруына қарсы. Рим католик шіркеуінің бұрынғы жетекшісі Бенедикт священниктердің отбасын құрып, үйлі-баранды болуына қарсы. Ол бұл мәселеде қарсылығын «Жүрегіміздің терең түкпірінен» деп аталатын кітабында білдірген. Аталмыш кітаптан үзінділер Le Figaro деп аталатын Еуропаға кеңінен танымал француздардың мерзімді басылымында жарияланған. Бенедикт өзінің кітабында целибатты католик шіркеуінің мәні мен маңызы зор, тарихы мыңдаған жылдарға созылатын дәстүр ретінде бағалап, онсыз священниктерге Құдайға қызмет ете алмайтынын жазыпты. Осылай дей келе ол Шіркеудегі қызмет пен некені бірдей алып жүру мүмкін еместігін алға тартыпты. Өткен жылдың қазан айында Амазони католик епископтарының кеңесі үйленген священниктерге де Шіркеуде қызмет етуге рұқсат ету туралы мәселе көтерген болатын. Егер Франциск тиісті рұқсат берсе, көп ғасырлық дәстүр өз маңызын жояды. Десе де 2019 жылдың қаңтар айының 28-і күні Панамада понфтифик Франциск священниктер үшін целибат міндетін жоюға құлықты емесін мәлімдеген болатын. Тек кәрі құрықта ғана емес, католиктер шоғырланған әлемнің әр түкпірінде священниктер қарасы жылдан жылға азайып келеді. Отбасын құру, ұрпақ өрбіту секілді Жаратқан белгілеген табиғат заңынан аттап, орта жолдан ауытқаған католик дінбасыларының бұл әрекеті өзі отырған ағаш бұтағын өзі кескенмен бірдей әрекет демеске әддің жоқ.

0 пікір
Мұрағат