"Террористерге" өлім жазасын енгізеді
"Террористерге" өлім жазасын енгізеді
11 күн бұрын 259 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазіргі уақытта Израил парламенті террористік сипаты бар қылмыс жасағандарға өлім жазасын қолдануды қарастыратын заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл жайында аталмыш елдің қорғаныс министрі Авигдор Либерман Twitter әлеуметтік желісіндегі микроблогында жария етті. "Террористерге өлім жазасын қолдануға қатысты үш жылдан астам уақытқа созылған, табандылықпен жүргізілген күрестен кейін қараша айының 14-і күні ақыры заң комитетіне енгізілетін болды",- деп сүйінші сұрағандай жазыпты. Израилдің қорғаныс министрлігі террористерге қарсы ең ауыр жазаны қолдану үшін бұрыннан "тер төгіп" келеді. Енді... мынадай сауал туындайды? Аталған елде террористерге мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірген тұлғалар жатқызылады. Соның ішінде, терроризмді желеу етіп, өз жерін азат ету үшін күресіп жүрген палестиналық белсенділерді жаппай өлім жазасына кесуі мүмкін. Палестиналықтардың арынын осылай басуды көздеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат