Жапонияда шариғат талабына сай опа-далап шығарылады
Жапонияда шариғат талабына сай опа-далап шығарылады
4 ай бұрын 668 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінде Plaisir Ltd деп аталатын жұртқа кеңінен танымал опа-далап бренді құрамы тек табиғи заттар мен қоспалардан тұратын өнімдерімен аты шыққан. Аталмыш бренд Жапонияның ислами қорынан халал сертификатына ие болды. Бұрындары жергілікті әрі өзге елдердегі мұсылмандар аталған опа-далап фирмасының өнімдерін пайдалана алмайтын. Өйткені, оның өнімдері соя бұршағы мен күріш сабағын ферменттеу арқылы алынатындықтан құрамында алкогол кездесетін. Шариғат талабына сай опа-далаптың құрамында 30 зат қамтылады. Оның ішінде, коллаген мен фуллерен де болады. Алайда, өндіріс барысында спирт немесе жануардың майы қосылған қандай да бір ингредиенттер пайдаланыламайды. Жапонияның халал опа-далабы Малайзия арқылы мұсылмандар көптеп шоғырланған өзге Азия елдеріне экспортталады.

0 пікір
Мұрағат