|
Меккеден сирек кездесетін құбылыс байқалды
|
Қасиетті Мекке шаһарының тұрғындары мен қала қонақтары, кіші қажылығын өтеуге келгендер сирек кездесетін аспан құбылысын таспаға тартып алыпты: жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Ай киелі Қағбаға перпендикуляр келіп, әл-Харам мешітінің үстінен тігінен жайғасқан. Бұл жайында Saudi Gazette мерзімді басылымы хабар таратты. "Бұл құбылыс исі мұсылманға намаз оқитын бағытын анықтауға көмектеседі",- деп мәлімдеді осы құбылысқа байланысты Жидда қаласындағы астрономия қауымдастығының президенті Мәжит Әбу Зәһір. Мұндай тосын құбылыс соңғы рет 2012 жылдың соңына таман байқалған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)