Адамның жүзін тану жүйесін түрік ғалымы ойлап тапқан
Адамның жүзін тану жүйесін түрік ғалымы ойлап тапқан
1 ай бұрын 720 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда жаппай қолданысқа ене бастаған адамның бет-әлпетін тану технологиясын ойлап тапқан адамның аты-жөні әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында енді белгілі болып жатыр. Ол түрік ғалымы Сади Бурал. Дәлірегі, әлемнің 30 елінде пайдаланылатын бұл технология тұңғыш рет Аргентинада осы жылы, бірер ай бұрын өткен G20 саммитінде қолданылған болатын. Кей мемлекет басшыларының өзі мен сыңарын ажырату үшін. Аталмыш жүйе Біріккен Ұлттар Ұйымының шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарында да кеңінен пайдаланылған болатын. Шекараны кесіп өткен мигранттар арасында іздеуде жүрген қауіпті қылмыскердің бар-оғын анықтау үшін. Сади Буралдың өзі Түркиядағы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң Жапонияға аттанады - докторлық диссертациясын қорғау үшін. Күншығыс елінде Ayonix деп аталатын адамның түр-тұлғасын тану жүйесін әзірлейтін компания іргесін қалайды. Аталған компания табаны күректей 12 жыл қатарынан адамның бет-әлпетін тану жүйесін әзірлеумен, нарыққа шығарумен айналысады. Бұл жайында түріктердің Anadolu ақпарат агентігі мәлім етті. 

0 пікір
Мұрағат