Донорлық ағзаларды вирустан тазартатын технология ойлап табылды
Донорлық ағзаларды вирустан тазартатын технология ойлап табылды
2 ай бұрын 663 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Донорға мұқтаж қанша науқас бар. Олардың бәрін донормен қамтамасыз ету әзірге мүмкін болмай тұр. Біріншіден, донор тапсыратын адамдар әлі де сирек, екіншіден, донор тапсырғандардың ағзасы көбіне жарай бермейді. Осыны ескерген ғалымдар донорлық ағзаны вирустан тазартатын технология ойлап тапты. Аталмыш технологияда донорлық ағзаның жүлгелері мен тамырлары улы емес сұйық косервантпен шайылады әрі екі түрлі жарықтың көмегімен бактериялар жойылады. Бұл тәсілді Торонто университетінің профессоры Марсел Сайпел есімді ғалым ойлап тапқан. Бұрын дәрігерлер донорлық ағзаны вирустан тазарту үшін қанды алмастыратын сұйықтықпен шаятын, ал қанды залалсыздандыру үшін ультракүлгін жарықты пайдаланатын. Алайда, бұлармен вирусты толық жою мүмкін емес болатын. Марсел Сайпел ойлағанын іске асыру үшін Сан-Паулу жоғарғы оқу орнындағы әріптесі Вандерле Баньятомен бірігіп, зияны жоқ консервант құрамында вирус жұқтырған өкпеге ұзындығы 660 нанометрлік толқын тудыратын қызыл жарықты сіңіріп алатын сұйықтықты енгізетін аппарат құрастырды. Пайда болған энергия С гепатиті және ВИЧ-1 секілді вирустардың өзін жойып жібере алады. Қызыл жарықтан өзге аппарат ультракүлгін сәуле шашады. Ол өз кезегінде ағза ішіндегі айналып жүрген сұйықтыққа тұрақты әсер ететін болады. Мұндай сұйықтықтың бір литрінің өзі өте қымбат тұрғанымен жүздеген ағзаны шаюға молынан жетеді. Сынақ нәтижесі көрсеткендей, жаңа технология қолданылған терапиядан соң қондыруға жарамсыз ағза қауіпті инфекциялардан арылған.

0 пікір
Мұрағат