NASA Марстан панорама жариялады (видео)
NASA Марстан панорама жариялады (видео)
6 ай бұрын 838

NASA Марстан 360 градус видеопанорама жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ғарыш агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қысқа ғана видеороликті америкалық Curiosity марскезушісі жариялады. 2018 жылы 19 желтоқсанда марскезуші түсірген видеоны ғарыш агенттігі панорама негізінде монтаждаған. Құрылғы Эолида тауында орналасқан Вера Рубин үстіртінен түсірілген. Ол осы аймақты бір жылдан аса зерттеген.  Қайтар кезінде маркезуші Rock Hall үстіртінде соңғы бұрғылау аймағында 360 градус панорама түсірген. Curiosity құрылғысы келесі жылы осы аймақтағы лай мекенді зерттейді. 

Қаперіңізде болсын, видеоны қарау кезінде, тышқанның шүрпесі арқылы көріністі кез келген бағытта қозғалтуға болады. 

Curiosity 2012 жылы Марстың Гейл кратеріне қонған еді. Онда ол ғаламшардың геологиялық тарихын білу үшін топырағын зерттеуді бастаған.  Марстағы Curiosity миссиясының негізгі міндеттері егжей-тегжейлі геологиялық және геохимиялық зерттеулер жүргізу, ғаламшардың атмосферасы мен климатын зерттеу, суды немесе оның болғаны болмағанын анықтау, органикалық заттарды іздеу болып табылады. Бұл деректер Марстың бір кездері өмір сүруге жарамды екенін және онда қазір өмір сүруге жарамды орындардың бар жоғын анықтауға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат