Науқастың тәжді тажалдан аман қалмайтынын, ажалы жақындағанын білдіретін белгілер
Науқастың тәжді тажалдан аман қалмайтынын, ажалы жақындағанын білдіретін белгілер
16 күн бұрын 839 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары өлім қатері төнгенін 90 пайызға дейін дәл білдіретін пациент қанындағы биологиялық үш белгіні атады. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдар бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, алғашқы індет ошағы пайда болған Ухан қаласындағы 485 науқастың қанын талдаудан өткізген. Олардың 201-і тірі қалып, 174-і көз жұмды. Аталған дерттен бақилық болғандардың қанында үш бірдей биомаркер болды. Олардың бірі – түрлі аурулардан, соның ішінде өкпе дертінен организм тіндерінің зақымдалуынан хабар беретін лактатдегидрогеназ ферментінің көбеюі. Екінші маркерге адам иммунитетіне жауапты лейкоцит пен лимфоцит деңгейінің төмендеуі жатқызылған. Ал үшіншісіне келсек, қабынуды көрсететін аса сезімтал С-реактивті ақуыздардың көптен бөлінуін атаған. Қанынан мұндай биомакерлік көрсеткіштер науқастардың ажалын он күн бұрын болжауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат