Бұл мешітте имам қылыштың жүзімен уағыз айтады (фото+видео)
Бұл мешітте имам қылыштың жүзімен уағыз айтады (фото+видео)
1 ай бұрын 1129 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның тарихы мыңдаған жылдарға созылатын ежелгі Едірне қаласында орын тепкен мешітте имам жұма күні қолына қылыш ұстап тұрып уағыз айтады. Бұл – дәстүр. Османлы кезінен қалған. Бұл жайында dirilispostasi.com ақпарат көзі хабар таратты. Едірне әу баста Рим императоры Адрианның есімімен аталған көне шаһар. 1361 жылы османлықтар аталған қаланы бағындырады. 1365-1453 жылдар аралығында ол Османлы мемлекетінің астанасы болды. Сол кезде қаланың басты мешіті аталған Ескі Жамиде жаңа падишаһты беліне қылыш байлап таққа отырғызу салты болған. Аталмыш ғұрыпты осы қаланы алған Мұрат 1 сұлтан енгізген еді. Сол кезден бері мешіт имамы жұма хұтпасын қолына қылыш ұстап тұрып өткізуді әдетке айналдырған болатын. Қылыш ұстап уағыз айтқан имам сөзінің соңында міндетті түрде ұлт пен мемлекет үшін дұға етеді. Ескі мешіттің іргетасы 1403 жылы әмірші Сүлеймен Шелебидің пәрменімен қаланған болатын.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ kılıçla hutbe , Edirne Eski Camii

0 пікір
Мұрағат