Браконьерлерге жаза қатайтылмақ
Браконьерлерге жаза қатайтылмақ
7 күн бұрын 121 Назерке Абибулла

Қазақстанда заңсыз аң аулауға және су ресурстарын заңсыз алуға қатысты жауапкершілікті қатаңдату ұсынылды. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеме жасаған аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі Мұрат Теміржановқа сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау және дамыту, сондай-ақ, тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Флора мен фауна объектілерін заңсыз тартып алу фактілерінің жолын кесу үшін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу, сондай-ақ, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулаумен айналысқаны үшін жауапкершілікті қатаңдату,  сондай-ақ, осындай бұзушылықтар жасаған шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды елден шығарып жіберу ұсынылады», - деді Теміржанов.

Сонымен қатар, су ресурстарын ұтымды пайдалану үшін арнайы суды пайдалану шарттары белгіленеді: су объектілерінің су қорғау белдеулеріне пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдану тыйым салынады және гидротехникалық құрылыстарды ұстаушыларға оларды жариялау міндеті жүктеледі.

 Сонымен қатар, гидротехникалық құрылыстарды бөгеттің қауіпсіздігі туралы декларациясыз жүргізуге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

0 пікір
Мұрағат