Елордада екі асхана «ҚМДБ халал» стандартты сертификатына ие болды
Елордада екі асхана «ҚМДБ халал» стандартты сертификатына ие болды
8 күн бұрын 164 muftyat.kz

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай қызмет жасайтын тағы бір асханаға толықты.

«Gourmet coffee» және «Дәм тат» отбасылық кафесі өнімдеріне «Тамақтандыру қызметтері» 2:2016 жəне «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға жəне сатуға қойылатын жалпы талаптар» 3:2016 стандарт талаптарына сәйкес тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Эксперт-технолог мамандар «Gourmet coffee» және «Дәм тат» отбасылық кафесіне жүргізілген бақылау жұмыстарына сәйкес акт толтырып, рұқсат етілмейтін азық-түлік өнімдері, тағамдық қоспалар, дәмдеуіштер «ҚМДБ халал» стандартына сәйкес келетін өнімдерге алмастырылды.

Тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендіктен, «Халал Даму» ЖШС директоры А.Елжанов кафенің барлық қызметкерлеріне «Халал және харам», «ҚМДБ халал стандартына сәйкес қызмет көрсету» тақырыбында оқу-семинарын өткізіп, сертификат табыстады.

Дәмді де халал тағамдарымен барша мұсылман қауымына жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді ниет еткен «Дәм тат» кафесін Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлы Дала көшесі, 21 үй мекен-жайы бойынша таба аласыздар.

0 пікір
Мұрағат