«Ұлан ет консервілері» халал сертификат алды
«Ұлан ет консервілері» халал сертификат алды
4 ай бұрын 558 muftyat.kz Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі

Өскеменде өндірілетін отандық «Ұлан ет консервілері» ҚМДБ халал сертификатына ие болды.

«Халал Даму» ЖШС-ның Өскемен қаласы бойынша жауапты өкіл Үмбет Досжан «Ұлан ет консервілері» ЖШС-на және кәсіпорынның қасапшысына «ҚМДБ халал» сертификатын, қасапшы куәлігін табыстады.

Кәсіпорынның Бұқтырылған сиыр еті (Говядина тушеная, халал), Сиыр еті мен күріш ботқасы (Каша рисовая с говядиной, халал), Сиыр еті мен арпа ботқасы (Каша перловая с говядиной, халал), Сиыр етімен қарақұмық ботқасы (Каша гречневая с говядиной, халал), Ет қосылған бұршақ (Горох с мясом, халал) атты 5 түрлі өніміне «ҚМДБ халал» сертификаты берілді.

150 адам жұмыс істейтін комбинат тәулігіне 60 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Консервілердің жұқа қалбыры Қарағанды облысынан жеткізіледі. Айта кетейік, қазақстандық халал өнімге елімізде де, ТМД елдерінде де сұраныс жоғары.

0 пікір
Мұрағат