Мәйітті жуған сумен әйелдің омырауын сүрту дәстүрі бар екен. Бұған дін не дейді?
Мәйітті жуған сумен әйелдің омырауын сүрту дәстүрі бар екен. Бұған дін не дейді?
11 күн бұрын 2809

Ассаламуғалейкум! Марқұмды жуындырған сумен әйелдің омырауын сүрту дәстүрі шариғатқа теріс пе?  Нурлыбек Сабыргалиев.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Қазақ ырым етер, ырымы кейде қырын кетер» деген өнегелі сөз бар. Сіз айтып отырған дәстүр де осындай негізсіз ырымдардан туған дүние болса керек. 

Мәйітті жуған сумен денені сүрту дінде жоқ әрекет. Олай жасауға болмайды. Оның үстіне, мәйітті жуғаннан қалған су – лас су саналады. Имам Мұхаммед (р.а.) «Мәйіт жуылған су – нәжіс» деген[1]. Лас суды денеге жағуға рұқсат жоқ.


[1] Имам  Мұхаммед: Әл-Асл.; Раддуль Мухтәр.  

Абдусамат Қасым