"Эльмира" есімінің мағынасын білесіз бе?
"Эльмира" есімінің мағынасын білесіз бе?
5 ай бұрын 7346

Сәлеметсіз бе! Эльмира есімі мұсылман есімдеріне жата ма? Есімнің адам өміріне əсері бар ма? Эльмира есімінің қандай мағына беретінін білгім келеді! Эльмира Құралбайқызы.

Сәлеметсіз бе!

«Эльмира» есімі көбіне парсы тілінде қолданатын, бірақ түбі араб тіліндегі «әмир» сөзінен шыққан «Мир» (مير) сөзінің әйел тегіне өзгертіліп айтылған нұсқасы болса керек. Оған «Эль» (немесе «әл») артиклі қосылып «Эльмир» (المير) сөзі пайда болады.

«Мир» сөзінің қазақша мағынасы: көшбасшы, әмір, көсем деген ұғымдарға саяды. Мәселен, қазақта «мырза» деген сөз бар. Ол да негізінен алып қарағанда парсы тіліндегі «Мир-За», «МирЗаде» деген сөздің қазақша нұсқасы. Эльмира мен МырЗаның түбірі бір.

Ендеше, қазақ халқында жиі кездесетін «Эльмира» есімі фариси (парсы) бір сөз болып, «Көсем» (вождь, женщина-вождь) деген мағынаны білдіреді десек қателеспеспіз.

Бұнымен қатар, ол есімнің араб тіліндегі «айна» ұғымындағы «Әл-Мир’а» (مِرْآةٌ) сөзінен шыққан деуге де болады. Сонда мағынасы: «Айнадай пәк жүректі жан» деген ұғымда болмақ.

Абдусамат Қасым