Әйелдің босануы қиындаса, не істеуге болады? Арнайы бір дұғасы бар ма?
Әйелдің босануы қиындаса, не істеуге болады? Арнайы бір дұғасы бар ма?
13 күн бұрын 1189

Әйелдің босануы қиындаса, не істеуге болады? Арнайы бір дұғасы бар ма? 

Ибн Сүнни атты хадисші ғалымның сахаба Абдулла ибн Аббастан жеткізген риуаятта былай делінеді:

«Егер, әйелдің босануы қиындаса, таза бір ыдыс ал да оған (мына аяттарды) жаз:  

كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَ مَا يُوعَدُونَ لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا سَاعَةً مِّن نَّهَارٍ ۚ بَلَاغٌ ۚ فَهَلْ يُهْلَكُ إِلَّا الْقَوْمُ الْفَاسِقُونَ -

كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَهَا لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا عَشِيَّةً أَوْ ضُحَاهَا  -  

 لَقَدْ كَانَ فِي قَصَصِهِمْ عِبْرَةٌ لِّأُولِي الْأَلْبَابِ ۗ مَا كَانَ حَدِيثًا يُفْتَرَىٰ وَلَٰكِن تَصْدِيقَ الَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ وَتَفْصِيلَ كُلِّ شَيْءٍ وَهُدًى - وَرَحْمَةً لِّقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ    

Кейін ол ыдысты жуып, ол судан әйел ішсін де, қарнына және жүзіне жақсын»[1].

Ендеше, аяғы ауыр әйелдің босануы қиындаса, дәрігерлердің берген кеңестерінен бөлек, жоғарыдағы бойынша жасауына болады. Яғни, су ішетін ыдысқа немесе параққа аталмыш аяттарды жазып, кейін жазуды суға ерітіп, сол судан ішеді. Қалғанын бетіне әрі ішіне жағады.

Ондайда жазу үшін, әдетте бояуы тез еритін Шафран өсімдігі қолданылып жатады (арапша "зағфаран"). Шафранның құрғатылған түріне су тамызып, бояуын шығарады да, сол бояумен ыдысқа немесе қағазға жазады, кейін жазуды суға ерітіп, ішкізеді. Оны қазақта «ішірткі» дейді. 

Бұнымен қоса, босанар сәтінде «Аятул Курсиді»,  «Ағраф» сүресі 54-аятын және «Фәләқ» пен «Нас»сүрелерін оқығаны жөн. Бұлар да Алланың қалауымен босануды жеңілдетуге септігін тигізеді. Деректерге қарағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) қызы Фәтиманың (р.а.) толғағы жақындағанда, оның жанына Үммү Сәләмә мен Зәйнәб ибн Жақшты (р.анһума) жіберіп, аталмыш Құран аяттарын оқуды бұйырған екен: Аятул Курси; Ағраф сүресі 54-аят; Фәләқ пен Нас сүрелері»[2].


[1] Әл-Мүттәқи әл-Һинди: Кәнзуль Ъуммәл. №28381 хадис. Тақырып: Таъсируль Уиләда. («Босану қиындаса»).
[2] Имам Суюти.

Абдусамат Қасым