Əссаламуəлейкум! Таң намазынан кейін күн шыққан уақытқа шейін (мəкруһ уақыттарда)Алланы ұлықтайтын зікірлер айтуға жəне истиғфар айтуға (астағфируллаһ) бола ма екен? Əлде күн шыққан уақытта оларды да айтуды тоқтатуымыз керек пе? G
Мәкруһ уақыттарда зікір айтып, тәспих тартуға бола ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мәкруһ уақыттарда зікір айтып, тәспих тартудың және Құран оқудың ешқандай ағаттығы жоқ. Мәкруһ уақыттары тек намаз, жаназа және тиләуәт сәждесіне қатысты[1].
Құран Кәрімде былай делінеді:
فِي بُيُوتٍ أَذِنَ اللَّهُ أَن تُرْفَعَ وَيُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ يُسَبِّحُ لَهُ فِيهَا بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ
«Алланың өзін ұлықтап, өз атын зікір етуге бұйырған үйлерде (мешіттерде) ертелі-кеш Аллаға тәспих айтылып тұрады»[2].
[1]«Сахих Муслимде» риуаят етілген бір хадисте былай делінеді: «Мына үш уақытта Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқудан және мәйіттерімізді қабірге көмуімізден тыйды (жаназа намазы): Күн шыға бастағаннан көтерілгенге дейін, тапа тал түсте зәуәл уақытына дейінгі және күн бата бастағаннан, ұясына кіргенге шейінгі уақыт. (Китабу Салатил Мусафирин уа қасриһа).
[2] Құран Кәрім, Нұр сүресі, 36 аят.