Таң намазында салауатты оқып отырғанда күн шығып кетсе, намаз қаза бола ма?
Таң намазында салауатты оқып отырғанда күн шығып кетсе, намаз қаза бола ма?
2 жыл бұрын 5863

Ассаляму'əлейкум! Менің қояр сауалым,егер таң намазының парызында "Аллаһумма бəəрик" дұғасын оқып жатқанда күн шығып кетсе, намаз қаза бола ма? Қайта өтелу керек пе? Алдын ала рахмет! Гүлнәз.

Уағалейкумуссәләм  уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) бойынша, ол жағдайда намаз қаза болады. Өйткені, намаздың соңында намаз бұзатын әрекетпен шығу – парыз. Ол парызды - дәретті кісі сәлем берумен атқарса, дереті бұзылған кісі намаз бұзатын әрекетпен жүзеге асырады. Ал, таң намазында күннің шығуы – адамнан туындамайтын - табиғи дүние болғандықтан, «аттахиттан» кейін де болса, намаз бұзылады. Бұл – Ұлық Имамның пәтуасы.

Бірақ, оның екі шәкірті «соңғы отырыста, аттахият дұғасынан кейін күн шықса, намаз дұрыс, қаза болмайды» деп пайымдаған.

Дегенмен, бұл мәселеде Имам Ағзамның пәтуасын негізге алған жөн. Ханафи ғалымы Имам Шүрунбүләли: «Бұл мәселедегі сақтық, тек Имам Ағзамның сөзімен ғана жүзеге аспақ. Сондықтан да, (ол жағдайда) намаз - бұзылады» - дейді[1].

Осыған орай, таң намазында «аттахият» дұғасынан кейін салауатты оқып отырып күн шығып кетсе, намаз бұзылады. Кейіннен қазасы өтелуі керек.


[1] Хашияту Ибн Ғабидин: 4/34 бет.; Ибн Нүжейм: Бахрур Раиқ. 

Абдусамат Қасым