Аузы берік кісіге насыбай атуға бола ма?
Аузы берік кісіге насыбай атуға бола ма?
3 ай бұрын 2075

Ораза ұстап жүріп шақша атса, ораза бұзыла ма? Елжас. 

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Насыбай атудың үкімі – мәкруһ (харамға жақын). Сондықтан, оразада насыбай ату күнә болмақ. Оразаның сауабын кемітеді.

Одан бөлек, насыбайды атқан жағдайда бәрібір қалдықтары ішке кететіні белгілі. Әдейі аузына салғаны үшін, кішкене көлемде болса да ішке кетсе, оразаны бұзады.

Оразаны қазақ халқы «ауыз бекіту» деп атаған. Ендеше, ораза ұстаған адам насыбайдан да аузын берік ұстауы ләзім. Нәпсі қалауынан тыйылғанда ғана ұстаған оразамыздың мәні болмақ.

Осы тұрғыда, Пайғамбарымыздың мына бір хадисін естен шығармаған жөн: «Кімде-кім оразада жаман сөзден, жаман-надандық істерден тыйылмаса, Алла Тағала оның құр ішіп-жеуден  тыйылуына мұқтаж емес»[1].


[1] «Сахих Бұхари». №1804 хадис.

Абдусамат Қасым