Мұрын қанаса, ораза бұзыла ма?
Мұрын қанаса, ораза бұзыла ма?
2 жыл бұрын 19277

Ораза ұстап жүріп ауыздан немесе мұрыннан қан кетсе, ораза бұзыла ма? Назерке

Ауыз берік кезде мұрын қанаса ораза бұзылмайды. Тек, мұрындағы қанды жұтпау керек. Әсіресе аққан қанды тоқтату мақсатында басты шалқайтып жатамыз. Осы кезде, кеңсірік арқылы қан тамаққа кетіп жұтылар болса, Ханафи мәзхабы мен Мәлики мәзхабы бойынша, оразаны бұзады. Рамазан айынан кейін бір күн қазасы өтеледі. 
Шафиғи және Ханбали мәзхабтары бойынша, мұрыннан қан ағып еріксіз жұтылған жағдайда бұзылмайды[1]. 

Бұған қосымша мынаны да айта кетелік, ауыз қуысындағы «көп қан» ішке кетсе де ораза бұзылады делінген кітаптарда. Қазасын өтеу керек (бірақ сол күнді соңына дейін ұстайды). Аз, мөлшердегі қанның зияны жоқ. Қанның аз не көп екендігін түкірікпен салыстыра анықтауға болады. Егер, түкіріктің жарымы не одан көп бөлігі қан боп тұрса, көп қан үкімінде. Жарымынан азы «аз қан» үкімінде.  Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 

[1] әл-Маусуғатуль Фиқһия - 22/267 бет. 

Абдусамат Қасым