Мал сойғанда «бисмилланы» айтуды ұмытып кетсе, не істейді?
Мал сойғанда «бисмилланы» айтуды ұмытып кетсе, не істейді?
2 ай бұрын 1586

Ассаләмуғалейкум! Мал сойғанда «бисмилланы» айтуды ұмытып кетсе, не істейді? Еті адал ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабы мен Мәлики мәзхабы бойынша, сондай-ақ, Ханбали мәзхабында да қабыл етілген пәтуа бойынша, мал сойғанда «бисмилланы» айту шарт.  Өйткені Құран Кәрім, «әл-Әнғам» сүресінде:

«Алланың аты аталмаған малдың етінен жемеңдер», - делінген[1].

Алайда, қасапшы «Алланың атын» тілге алуды ұмытса не істейді? Бисмилланы айтуды ұмытқан мұсылманға кешірім бар дейді Ханафи ғалымдары[2]. Ондай оқылық әдейі орын алмағандықтан, сойылған малдың еті адал. Имам Бәйхақидың хадистер жинағында, сахаба Абдулла ибн Аббастан жеткен хадисте былай делінген:

«الْمُسْلِمُ يَكْفِيهِ اسْمُهُ , فَإِنْ نَسِيَ أَنْ يُسَمِّيَ حِينَ يَذْبَحُ فَلْيَذْكُرِ اسْمَ اللهِ وَلْيَأْكُلْهُ»

«Мұсылманға (мұсылман) есімінің өзі жеткілікті. Егер, ол мал бауыздау сәтінде «бисмилланы» ұмытып кетсе, (кейін оның етін) бисмилланы айтып жей берсін»[3].

БІрақ, біле тұра, әдейі «бисмилланы» айтпаса, ол малдың еті адал емес.


[1] Әнғам сүресі, 121 аят.
[2] Ибн Ғабидин: Роддуль Мұхтәр. 9/434 бет.
[3] Имам Бәйһәқи: әс-Сүнәнул Күбра. №18890 хадис.

Абдусамат Қасым